» » Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен  «Сот ғимаратына кіріп-шығу Ережесі» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға кеңсе меңгеруші мен сот мамандары қатысты. Шарада аталған тақырып бойынша аға сот жасауылы М.Тұрғанбекұлы баяндама жасап, мамандарға аудандық сотқа кіріп-шығу кезінде ереже талаптарын қатаң сақтау тиіс екенін, сонымен қатар, ережеде бірінші кезекте судьялардың, қызметкерлер және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделгені жөнінде айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сот ғимаратына және аумағына алып кіруге тыйым салынған заттарға, атап айтқанда, ұялы телефондарынан басқа мобильдік құрылғыларды (интернет модуліне қосылған ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.) алып кіруге қатаң тыйым салынатыны жөнінде айтты.  
Іс шара соңында, қатысушыларға сот ғимаратында қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету үшін «Сот ғимаратында және ғимарат аймағына кіріп шығуды қамтамасыз ету тәртібі туралы» Ережесінің талаптарын қатаң сақтауға нұсқаулық берілді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
19 шілде 2019 ж. 747 0