№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТТАҒЫ СЕРПІН

СОТТАҒЫ СЕРПІН

Былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер біршама азайған. Оған басты себеп – медиация заңының тиімді жүзеге асуы. Азаматтық істер азайғанымен, оның ішіндегі алимент өндіру, ажырасу және отбасындағы дау-дамай мәселесі әлі де өршіп тұр. Бұл туралы баспасөз конференциясында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева хабардар етті.


Алдымен, сот саласына енгізілген өзгерістерге тоқталайық. Қазір сот залындағы істердің барлығы бейне жазба арқылы жүргізіледі. Яғни, кез келген айыпталушы немесе өндіруші тарап апелляцияға бергенде бейне жазбаны пайдалана алады.
– Сот жүйесін цифрландыру үшін «Цифрлы Қазақстан» жобасының тиімділігі арта түсті. Қазір істердің барлығы электронды нұсқаға көшті. Мәселен, қазір талапкер немесе борышкерлер сотқа онлайн арқылы қатыса алады. Ол үшін қалта телефонына «True Conf» құрылғысын жүктеп алады. Ал телефон түсінбейтіндер аудандық сотқа қатысу үшін өзінің тұрғылықты қаласындағы сотқа алдымен хат жазады, сосын іс басталғанда сот залындағы экраннан тікелей эфирде процеске қатысуға құқы бар. Бұл уақытты үнемдеуге, екінші жағынан ашықтық пен жариялылықтың қолдану аясын кеңейтуге мол мүмкіндік береді, – деді Әлия Берікбайқызы.
Сондай-ақ «Түнгі сот» жобасы да тиімділігін көрсете бастады. Бұл пилоттық жоба жол-көлік оқиғасына себепкер тәртіп бұзушыға байланысты әкімшілік істерді ыңғайлы уақытта қарауға, қысқа уақыт ішінде оқиғаның салдарын жойып, зақымданған автокөлік үшін сақтандыру төлемақысын алуға мүмкіндік береді. Бұл бойынша Жаңақорғанда 2 іс қаралған. Одан кейін «Е» электронды сот жүйесі арқылы да істер қағаз жүзінде емес, электронды түрде базаға енгізіліп, қаралады.
Тағы бір айта кетерлігі, биылдан бастап виртуалды сот жүйесі жүзеге аса бастаған. Яғни, ауылдық округ әкімдіктерде веб-камералар орнатылған, сол бейне бақылаулар арқылы енді ауыл тұрғындары аудандық сотқа келмей-ақ іске онлайн жүйеде қатыса алады. Цифрландырудың қарқынды жүзеге асуын осыдан-ақ байқауға болады.
Енді жартыжылдықта қаралған істерге келсек. Аудандық сотта 52 адамға қатысты 47 қылмыстық, 327 азаматтық және 329 әкімшілік құқық бұзушылық іс тіркелген.
– Есепті мерзімде сот өндірісінде 44 қылмыстық іс қаралып аяқталды. 20 іс бойынша айыптау үкімі, 1 іс бойынша ақтау үкімі шығарылды. 21 іс өндірістен тоқтатылса, соның 16 ісі бойынша тараптар медиация Заңы негізінде келісімге келген. Сондай-ақ, 16 іс электронды түрде қаралды, – деді Ә.Түбекбаева.
Азаматтық істер бойынша 2017 жылы аудандық сотқа 436 арыз түссе, былтыр 417 тіркелген. Биыл бұл іс 327-ге кеміпті. Оның 322-сі қаралып, 56 арыз бойынша сот бұйрығы күшіне енсе, 190 іске байланысты шешім шығарылған. Ал тоқтатылған 46 азаматтық істің 20-сы медиация тәртібімен шешімін тапқан. Осы орайда, медиация туралы аз-кем тоқтала кетейік. Қазір аудандық сот мекемесінің құқықтық қызмет көрсету бөлмесінде төрт кәсіби медиатордың кабинеті бар. Олардың негізгі міндеті арызданушы тараптардың ісін сотқа дейін жеткізбей, өзара келісімге, бітімгерлікке келтіру. Бір сөзбен айтқанда, медиаторлар бұрынғылардың билері.
Жыл басынан бері кәсіби медиаторлардың қызметіне 409 азамат жүгінсе, олардың 396-ы дауды медиация тәртібімен шешкен. Енді жоғарыда сөз еткен ажырасу мәселесінің неге өршіп тұрғанына тоқталсақ.
– Азаматтық істердің ішінде ажырасу мен алимент өндіру ауданда басты мәселеге айналғаны жасырын емес. Енді биылдан бастап 21 мың теңгенің әлегіне түскен отбасылар әлеуметтік көмекті алу үшін ажырасуға өтінім бере бастады. Оларға сот кем дегенде 3-6 ай олардың татуласуы үшін мерзім береді. Бұл бір, екіншіден, алимент мөлшерін азайту үшін құйтырқы әрекеттер жиіліп барады. Яғни, бірінші әйеліне алименттің 25 процентін төлеу үшін екінші жары сотқа арызданады. Онда күйеуінің нәпақасынан алимент есебінде ол да 25 процентін алуға құқылы. Міне, осындай көзбояушылықтар аз емес, – деді сөт төрағасының міндетін атқарушы.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөнінде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 325 әкімшілік іс қаралса, оның 272-сі жазаға тартылған. Медиация тәртібімен 42 іс тоқтатылған.
Қорыта айтқанда, біз байқағанымыздай қоғамда отбасының ажырасу мәселесі қазір көпті алаңдатуда. Ал онымен қоғам болып күресу уақыт еншісінде.

Әли ТЕМІРБЕК
13 шілде 2019 ж. 638 0