№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » қылмыстық және әкімшілік істер көбейді

қылмыстық және әкімшілік істер көбейді

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында аудандық соттың өндірісінде былтырғы жылмен салыстырғанда азаматтық істер азайғанымен, қылмыстық және әкімшілік істер көбейген. Нақты мән-жайды білмекке «Сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы» аудандық соттың төрағасы Нұрлыбек Қосановтан брифинг барысында білдік.
Алдымен, қылмыстық істер бойынша тоқталсақ. Есептік мерзімде сот өндірісінде азаматтық іс бойынша 69 адамға қатысты 53 іс қаралған. Оның ішінде 2 іс былтырғы жылдан қалдыққа қалған.
– Бүгінгі күнге дейін 46 қылмыстық іс қаралып аяқталды. Оның 28-іне айыптау бойынша үкімі шығарылса, 11 іс бойынша қаулы шығарылып, қылмыстық іс жүргізілу тоқтатылды. Айта кету керек, биыл есірткіге байланысты қылмыстық іс өршіп тұр. Сондай-ақ, басты сот өндірісі талқылауында процестік келісімдер жасалмаған. Бұл қылмыстық істерге байланысты нақты мәліметтер, – деді төраға. «Медиация туралы» Заң қолданысқа енгелі ауданда азаматтық істер татуласу арқылы шешіліп, өзара түсіністікпен тарқайтын. Енді бұл заң аясы қылмыстық істерге де оң нәтижесін беруде. Мәселен, жыл басынан бері 6 қылмыскер аталған заң арқасында жазадан босатылыпты.
Енді азаматтық істерге ойыссақ. 6 айдың қорытындысы бойынша аудандық сотқа барлығы 417 арыз түскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 436-ны құраған. Келіп түскен 417 арыздың 354-не азаматтық іс қозғалып, 48-іне сот бұйрығы шықса, 270 іске шешімі шығарылыпты. Енді азаматтық істердің басым бөлігіне назар аударайық. Бұл отбасы дауына өршігенін көрсетеді. Соңы некені бұзуға алып келуде екені айтпасақта түсінікті. Жыл басынан бері 60-тан аса отбасы ажырасуға өтінім беріп, некесін бұзыпты. Аудандық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміндегі бұл мәлімет көңілге кірбің түсіреді. Олардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, бұл аудан үшін өте өзекті тақырып.
– Азаматтық істер бойынша «Медиация туралы» Заңның аясында 17 іс шешімін тапты. Орайы келгенде айта кету керек, тағы бір Заң тетігі тиімділігін көрсетті. Сотқа келіп түскен 417 талап арыздың барлығы дерлік сот кабинеті арқылы түскен. Демек, сот кабинеті тұрғындардың қажеттілігін толық өтеп тұр деуге болады, – деді Нұрлыбек Оразбайұлы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер 6 айдың қорытыныдысымен 2017 жылға қарағанда 62-ге артып, өсім 19 пайызды құрады. Сот өндірісіне келіп түскен 332 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің 287-сіне әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылыпты.
– Жаза тағайындалған істер бойынша 142 тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды. Ал, 20 адам қамауға алынса, 71 жаңақорғандық құқығынан айырылды. Сондай-ақ, 52 кінәлі әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Айыппұл сомасы 6 061 925 теңнгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өскенін көруге болады, – деді Н.Қосанов.
Сонымен, қорыта айтқанда сот ісінде ілгерілеу бар, яғни жүйе қалыптасқан. Алайда, қоғамдағы құқық бұзушылық әрекеттер азаяр емес. Біз бүгін соның куәсі болдық. Әсіресе, әкімшілік істердің артқанын анық аңғардық.
24 шілде 2018 ж. 886 1

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 22:46
Indian Viagra Dangers cheapest generic levitra Coconut