Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС АГРОНОМНЫҢ МҰРАТЫ

ЖАС АГРОНОМНЫҢ МҰРАТЫ


Кәсіби кадрға – сұраныс жоғары. Бұл – түгіскендік жас агроном Бағлан Мамыровтың ұстанымы. Адами капиталға басымдық берілген уақытта маманның кәсібилігіне баса мән берілетіні де түсінікті. Расында кәсібилік қай саланы болмасын алға сүйрейтін дағды. Сондықтан бала кезінен әкесінен диқаншылық өнерді жетік меңгеріп, тәжірибе жинаса, соны теориялық біліммен ұштастыруды ұмытқан емес. Ол ауылшаруашылығы саласына жаңа технология келсе, сонымен танысуға, білуге құмартып тұрады.


– Тұңғыш Президент «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейтуді тапсырды. Елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі. Ол өз тиімділігін көрсетіп, қаншама жас маманның ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге үлес қосуына негіз қалады. Мен бүгінде «Диас-ЕБ» шаруа қожалығында агроном қызметімен қатар осы қожалықты басқарамын, – дейді кейіпкеріміз.
2015 жылы құрылған «Диас-ЕБ» отбасылық шаруа қожалығы күріш, бидай, жоңышқа, мақсары егеді. Одан бөлек жылқы басын көбейтумен айналысады.
– Әкем бала кезімнен диқаншылыққа баулыды. 16-17 жасымнан гектар-гектар күріш алқаптарын сеніп тапсыратын. Мен барынша тырысып, тыңайтқышты уақытылы беруді, судың деңгейін сақтап тұруды үйрендім. Білген-көргенімді шыңдауда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы демеп, курсты бітірдім. Онда егін шаруашылығы саласының теориясын жан-жақты білдім, – дейді ол.
Иә, шаруамен айналысамын деген адамға беріліп жатқан мүмкіншілік көп. Жерді жалға алып, кәсібінен нәсіп тауып отырған «Диас-ЕБ» шаруақожалығы 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шаруашылық биыл 70 га егілген күздік бидайдан 25 центнер, 20 га мақсарыдан 30 тонна өнім жинады. Мол өнім жинауда Бағланның да еңбегі сіңді.
Ауылдық округ әкімі Сардар Садықовтың сөзінше, Бағланның еңбекқорлығы қатар­ластарына үлгі-өнеге.
– Дала жұмысы төзімділікті, білімділікті, ептілікті талап етеді. Бәрінен бұрын, өнімді дер кезінде өткізудің жолын табу маңызды. Яғни диқаншылық жұмыс егін егумен шектелмейді. Осындай жауапкершілігі зор міндетті Бағлан Мамыров лайықты атқарып жүр, – деді әкім.
Жас агрономның алға қойған мақсаты – шаруашылықты іргелі құрылымға айналдыру, жаңа технологияларды әкеліп, ғылыммен бай­ланыс жасап, өнімділікті арттыру екен.
– Ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн негiзгi факторлардың бiрi десек, оны ғылымға негіздемей іс алға баспайды. Келешекте жерасты қазба байлықтары сарқылады. Сол кезде мемлекеттiң негiзгi табыс көзі аграрлық сала болады. Қазірдің өзінде озық елдер ғылым мен ақылды технологияның арқасында өнімділікті арттырып, әлем нарығын қамтамасыз етіп отыр. Біз осыған ұмтылмасақ болмайды, – дейді мұратшыл жас.
Қазақстан халқының өмiр сүру деңгейiн анықтайтын аса маңызды стратегиялық қыз­мет түрі – агроөнеркәсiп өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға тәуелді. Сондықтан елдiң агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуда халықты азық-түлiкпен, ал өнеркәсiптi ауыл шаруашылығы шикiзатымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Десек де ғылымсыз, жаңа технологиясыз бұл жоспардың нақты жүзеге асуы екiталай. Міне, Бағлан Ерқасымұлы осыны терең түсініп, алдағы уақытта шаруашылығын ірілендірумен қатар, ғылыммен байланыс орнатып, технология күшіне сүйенуді жоспарлап отыр.
Лаура АйДАРХАН
10 шілде 2019 ж. 850 0