№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстан «Nur Otan» партиясының ХІХ съезіне 30 делегат сайланды

Облыстан «Nur Otan» партиясының ХІХ съезіне 30 делегат сайланды

  «Nur Otan» партиясының ХІХ съезіне Сыр өңірінен 30 делегат сайланды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÒÑзÑлоÑдада «Nur Otan» паÑÑиÑÑÑнÑÒ£ Ð¥ÐÐ¥ ÑÑезÑне 30 Ð´ÐµÐ»ÐµÐ³Ð°Ñ ÑайландÑ
  Елордаға баратын делегаттар тізімі «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының  кезектен тыс XХIV конференциясында белгілі болды.

  Аталмыш шарада партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырыбек Көшербаевтың төрағалық жасады. Жиынның күн тәртібінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусым  күні өткізу туралы шешім қолдау туралы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес қабылданған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» халықтық жобаларының өңірде жүзеге асырылуы барысы таразыланды. Сондай-ақ,  партиясының кезектен тыс ХІХ Съезіне делегаттар сайлау мәселесі қаралды.


Күн тәтібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық әйелдер кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева өз ойын ортаға салды.

«Елдегі барлық соңғы өзгерістерге, саяси-қоғамдық сипаттағы жаңалықтарға жіті көз тігіп отырамыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялады. Онда елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл орайлы шешімді  Сыр өңірінің қазыналы қарттар ризашылықпен қабылдады», - деді Серік Дүйсенбаев.  Ал Нұрсәуле Мұсаева Тұңғыш Президент - Елбасы бастаған бастамалардың баянды болуы әрдайым назарда ұсталатынын тілге тиек етті. Осы орайда еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  өткізу туралы шешімнің қабылдануы уақыт талабы болып отыр.

Ал «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссиясының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бақдәлет Махашев ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, кәсіпкерлік қызметін жаңғыртуға бағытталған «Ауыл - ел бесігі» жобасы бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, моно қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүзеге асырылып келеді.

«Қазір  партиямыз «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында тікелей жүзеге асыратын 3 бағытты анықтап алды. Бірінші - әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта бизнес өкілдерімен бірлесіп, еліміз бойынша үш жылдың ішінде 1 000 мектепте спорт алаңын салуды және ауыл кітапханаларының базасында 1 000 коворкинг орталық ашу жоспарланған. Бүгінде Қызылорда облысы бойынша - ашылуы жоспарланған 9 коворкинг орталықтың 8-і ел игілігіне айналды»,- деді Бақдаулет Махашев.

Сондай-ақ, ол биыл облыс бойынша 41 мектепте спорт алаңы мен  20 аулалық спорт алаңына жаңғырту жүргізілетіндігін жеткізді.

«Екінші бағыт - ауылды кадрмен қамтамасыз ету бойынша «Дипломмен ауылға» жобасының аясында мамандарды тарту қарастырылып жатыр. Үшіншіден,   ауылда жастар кәсіпкерлігін дамытуға назар аударылып,  биыл еліміз бойынша 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Осы бағытта біздің өңір 83 жас маманды 22 шаруа қожалығына тағылымдамаға жіберуге жағдай жасап отыр», - деді Б. Махашев  Қызылорда облыстық филиалының  кезектен тыс XХIV конференциясында қызылордалықтар ашық дауыспен күн тәртібіне сәйкес, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне 30 делегатты сайлады.

Кеше Қызылордада «Nur Otan» өкілдері Елбасы жобаларының іске асырылу барысын талқылады.  

18 сәуір 2019 ж. 758 0