№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРУГЕ ЫНТАЛЫ

ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРУГЕ ЫНТАЛЫ

Мемлекет басшысы Жастар жылының ашылуында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен көшіп барған жастарға берілетін жәрдемақы мөлшерін 70 АЕК-дан 100 АЕК-ға дейін көтеру қажет екенін айтты.

Жаңақорған ауданында 2010 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 500-ге жуық жас маман тұрғын үйге қол жеткізген. Президент Жарлығында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығына айналуы тиіс екенін айтқан болатын. Олай болса, отбасының әлеуметтік институт ретіндегі мәртебесін арттыру, оның мызғымас құндылықтарын дәріптеу, соның арқасында бұзылған некелердің санын қысқарту – мемлекеттік маңызы бар іс. Өйткені, соңғы жылдары Қазақстан жұптары жараспаған жас отаулардың айырылысу көрсеткіші көңілге қаяу түсіруде. Бұған не себеп? Көп жағдайда себепті тұрмыстық қиындықтардан іздейміз. Иә, үй-жай, тұрақты жұмыс болмағандықтан жұптар жараспай жатады. «Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді» демекші, баспаналы болу – үлкен бақыт. Сондықтан да, жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі де Жастар жылы шешімін тапса игі.
Одан бөлек, Президент жастар форумында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында жергілікті жерлердің әлеуетін күшейтуге пәрмен берді. Өзім Өзгентте білім саласында қызмет атқарғандықтан ауыл жеткіншектері мен жастарында қолдау болса деген тілек бар. Мәселен, күнделікті мектептен көріп жүргеніміздей, оқушылардың робототехника мен инновациялық жобаларға қызығушылығы зор. Алайда заманауи жасақталған кабинет тапшы. Шәкірттердің білімін сараптап қарасам, информатика, химия, физика пәнін де өте жоғары. Бұл дегеніміз жаңа технологияны меңгеруге деген ынтасының ықыласты екенін байқауға болады. Оның қатарында, ағылшын тілін меңгеруге қосымша курстар ашылса тіптен жақсы болар еді. Өйткені, шет тілі – оқушының көкжиегін кеңейтіп, дүниетанымын арттырады. Оған қоса, Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласында қабылданған бірнеше жобаға ағылшын тілінің тікелей қатысы бар. Атап айтқанда, Латын әліпбиіне көшу, «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «100 жаңа оқулық» жобасы бұқараға халықаралық тілдің маңызын жеткізіп тұрғандай. Ал, ауыл жастары мал шаруашылығынан бөлек, жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыруға жұмыс жасаса. Мемлекеттік қолдау шараларын барынша тиімді игере білсе екен.

Нариман Үсенұлы,
№245 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
30 қаңтар 2019 ж. 789 0