Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сағыз шайнау – онкологиялық ауру туғызады

Сағыз шайнау – онкологиялық ауру туғызады

Күнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, асты қорыту немесе ауыз қуысын тазарту дағды болғаны қашан. Бала кезімізде  қарамай мен өсімдік майларынан жасалған сағызды армансыз шайнадық қой. Алайда, қазір олардың түр-түрі көп. Тәтті, ащы, қышқыл, үлкен-кіші тіпті бірер жыл бұрын «ерлерге» , «әйелдерге» деген де түрлері қаптап кетті . Бірақ, құрамында химиялық заттар мен антисептиктер кездеседі.

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік.
Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады, т.с.с. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты.
Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.
Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.
Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.
Төртіншіден, сағыздан тістің сыртық қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.
Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.
Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, пайдалы жағынан жұрдай дей алмаймыз:
  • Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді.
  • Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.
  • Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.
28 маусым 2019 ж. 1 544 0