Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 545

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әмір Темірмен Баязит жайлы аңыз-әпсана

Әмір Темірмен Баязит жайлы аңыз-әпсана



Ертеде  Әмір түрік сұлтаны Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты дейді.

Сол Баязитті  Әмір  Темірдің алдына алып келсе, оның денесі бір жағына қарай қисайып кеткен екен. Әмір  қарқылдап, шегі қатқанша күлген екен.

Сонда Баязит тұрып:

- Ей, Темір, жақсылық та, жамандық та бір Құдайдың қолында. Бүгінгі менің басыма түскен іс, ертең сенің басыңа келмесіне кім кепіл?! – депті.

- Мен тағдырдың тұрақсыздығын, сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан! Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным жоқ, сені көріп маған мынандай бір ой келді, - дейді Әмір.

– Егер Алла Тағала сен және мен сияқты ақсақ пен қисыққа тақ пен тәж сыйлаған болса, онда Құдай үшін биліктің де ешқандай құны болмағаны-ау осы! - депті.[118]
14 маусым 2019 ж. 1 713 0