№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КАНАДА: АГРОБИЗНЕСТІҢ АЛПАУЫТЫ

КАНАДА: АГРОБИЗНЕСТІҢ АЛПАУЫТЫ

«Озық отыз ел» айдарымен әлемдегі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ілгері, халқының мәдени-тұрмыс деңгейі жоғары елдердің тыныс-тіршілігін берудеміз.



Бұған дейін әріптесім Әбдісамат Әбдіш Финляндия, Швейцария, Израильдің эко­но­микалық динамикасын зерделеген еді. Ал, бізге Солтүстік Америка құрлы­ғында орналасқан алып ел Канадамен танысу бұйырыпты. Олай болса, даму деңгейін сараптап, тұрмыс-тіршілігін тануға ты­рыстық...
Канада дүние жүзінде кең байтақ жерімен ғана емес, арктикалық архипе­лагты аралдарымен ерекшеленеді. Фран­цуз саяхатшысы Жак Картье өзінің еңбе­гінде «Канада» деген атауды осы жер­ге арнап ұсынған. Осылайша, 1545 жылдан бастап бұл мекен Канада аталып кеткен. Тарихтан білетініміздей, абориген тайпасы мекендеген бұл өңірдің этникалық құрамы әр түрлі. Мемлекеттік тіл ретінде ағылшын мен француз тілі қатар қолданылады.
Бәріңіз білетіндей, дамыған 30 елдің құрамына ену үшін мынадай критерийлер бар. Ол: экономиканың қуаттылығы, жан басына шаққандағы күнкөріс көлемінің жоғары болуы, индустрияландырудың дамуы және жалпы ішкі өнімнің жоға­рылығын және т.б. қамтиды. Бұл тұста, канадалықтар үздік ондықтың құрамында.
Иә, қай ел болмасын экономикасының қуатымен өлшенбек. Канада халқының әл-ауқаты жағдайы жағынан әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бұл елде еркін сауда айналымы өте жоғары дамыған. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлыбритания және Жапония елдеріне тасымалданады.
Экономикасының негізгі күші – тау-кен өндірісі, мұнай-газ, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары. Жұмысшыларды басым бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлем бойынша екінші орында. Сондай-ақ, Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған.
***
Бидай – бұл елдің басты табыс көзі. Хош иістендіргіштердің өсіп келе жатқан өсімдік маусымында мол өнім алуына көмектесу үшін, 20-шы ғасырдың басында бидай сорттары дамыды. Red Fife – күз бен ерте көктемде өсірілетін бидай түрі. Бұдан бөлек, күздік және көктемгі бидай сорты сұрыпталады. Сондай-ақ, күріш, жоңышқа, арпа, канола, зығыр, сұлы өсіру де канадалықтардың тіршілігіне тән. Аумағының 31 пайызын орман алып жатқандықтан бұл мекен ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге ең қолайлы өлке. Жаңа Шотландия, Нью-Брансвик, Квебек, Ниагара түбегі және Норфолк округі мен Онтариганың Анаполис аңғарында алма, алмұрт, қара өрік, бұталар, шабдалы, абрикосы, шие, құлпынай, таңқурай өсіру жоғары дамыған. Осындай табиғи жемістерді өсіру арқылы шет мемлекеттерге экспорттап, табыс табуда.
Канада ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша әлемде екінші орынды алады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына бейім жерлердің 80 пайызы осы сынды үлкен қожалықтардың иелігінде жатыр. Канаданың жылына дайындайтын ауыл шаруашылық өнімдері: 32 млн. тонна – бидай, арпа 15 млн.тонна , жүгері 7 млн. тонна, 4 млн. тонна – сұлыны құрайды. Бұл бір ғана жылда өндірілетін өнім мөлшері. Демек, осынау көрсеткіштен бұл өлкенің аграрлы саласы айтарлықтай дамығандығын ұғуға болады. Бәлкім, қоңыржай климаттық белдеулер мен жауын-шашынның мол болуынан шығар, фермерлер пайдаланатын жердің үлесі 69 миллион гектар жерді қамтиды.
Канадада барлық тұқымды тіркелген малдың 10 мыңға жуық селекционері бар. Енді мал шаруашылығына тоқталсақ. Мал басының саны: 16 млн бас – сиыр, 600 мың бас – қой, 80 млн бас – құс. Канаданың ауыл шаруашылығы өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге өнім шығаруда да маңызды орын алады. Әсіресе мал шаруашылығынан жалпы есептің 60 пайызын қамтып, егіншіліктен басып озады. Ал солтүстік аймақтарда мал шаруашылығы, аңшылық пен балық аулау кеңінен тараған.
Жалпы, бұл елдің мал шаруашылығы асыл тұқымды сиырларымен ерекшеленеді. Дүниежүзілік сауда нарығында ет, сүт өніміміен ғана емес, құс шаруашылығымен, тұқым өндірумен де ерекшеленеді. Канадалық сиырдың 50 пайыздан астамы экспортталады. Статистикаға сүйенсек, әр төртінші тұрғын фермер деп саналады. Мал шаруашылығын дамыту заманауи технологиялармен арнайы лифттер ар­қылы жүзеге асады. Яғни, шаруаны игергуе қажетті жағдайдың барлығы бұл елде жасалынған.
Ауылшаруашылығы саласынан әлемдік нарықта көш бастаған Канада елі біздің ауданға асыл тұқымды ірі қарасымен танымал. Жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары канадалық асыл тұқымды бұқаларды алдырып, жергілікті жерде асылдандыру жұмысын жүргізуде. Сондай білікті кәсіпкердің бірі «Орда-Агротехнология» ЖШС басшысы Керімхан Егізбаев:
– Мал шаруашылығын асылдан­дыру мақсатында Америка, Канада елінен «санта-гертруда» тұқымды малдарын алдыр­дым. Ірі қара малының табиғаты жергілікті жерге бейімді келеді екен. Әрі ет бағытындағы мал өте салмақты келеді. Екі жасар бұқаның таза салмағы 600 келіні тартса, жергілікті малдар 20-25 пайыз төмен нәтиже беріп отыр. Яғни, біздің мал шаруашылығы жөнінен Канададан алар үлгіміз көп, – дейді келінтөбелік кәсіпкер.
Қорыта айтқанда, өзіне тән ерек­ше­лігі көп Канаданың дамыған 30 елдің қатарында көрінуі осындай шаруа­шылы­ғының кеңінен дамығанында болса керек. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «аграрлық сектор – экономиканың жаңа драйверіне айна­луы тиіс» деп ауыл­шаруашылығына баса мән берген болатын. Расында да, агробизнестің аудандағы ахуалын арттыру үшін Канададан үлгі алар тәжірибеміз көп.

Ханзада ТӨРЕХАН.
08 маусым 2019 ж. 948 0