№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметкерлер неге өз жеке өміріне уақыт таппай жатады?

Мемлекеттік қызметкерлер неге өз жеке өміріне уақыт таппай жатады?

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі мәреге таяды. Жастарға басымдық берілген байқауда жаңақорғандық Жасұлан Бейсенбековтің жобасы үздік деп танылды. «Ұтымдының уақыты мол» тайм менеджменттік қағидаты бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» атанған Жасұланның жобасымен танысу үшін әңгімеге тарттық.


  – Мемлекеттік қызметкерлер неге өз жеке өміріне уақыт таппай жатады? Артық жұмыс жағдайларынан қалай арыламыз? Тиімді жұмыс істеудің адам өмірі мен мемлекетке алып келер пайдасы қаншалықты? Тиімділік пен сапаға қалай қол жеткізуге болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп, шешу жолдарын қарастырдым, – деп жобасын таныстыра бастады ол.
Конкурстың өңірлік кезеңіне 8 мемлекеттік қызметші үміткер ретінде «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссесін ұсынса, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша тестілеуден өткен 5 үміткердің мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, оны жетілдіру бойынша жеке жобалық жұмыстары бағаланды.
– Менің конкурсқа ұсынған тайм-менед­менттік қағидаты – мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, мем­лекеттік қызметшінің денсаулығын күтіп, қоғамдық өмірге белсене атсалысуына, мем­лекет­тік қызметшінің жұмыс уақытынан тыс артық жұмыс істеу фактілерін жоюға, бюджет шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның негізгі басымдығы мынада: берілген тапсырмалар мен өзінің функционалдық міндеттерін сапалы әрі нәтижелі орындаған қызметкерлерді ынталандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу. Барлық мемлекеттік органдарда қызметкерлерге арналған еркін форматтағы шығармашылық және демалыс бөлмесін ұйымдастыру. Орталық органдармен болатын жиналыстарды онлайн режимде өткізу, жиналыстарды қатаң регламентпен өткізу және жиналыстарға жылдық, айлық шектеулер қою.
– Онлайн режимді қалай жүзеге асыруға болады?
– Аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі жиналыстардың барлығын онлайн режимде өткізу, жиналыстарға қатаң регла­менттер қоя отырып, айлық және жылдық жоспардағы жиналыс уақытын заңды түрде шектеу. Менің ұсынысым, маңызды жина­лыстарды онлайн түрде өткізе отырып, спикерлерге қатаң регламент қоюмен қатар, айына болатын жиналыстара шектеу қоюды заң аясында реттеу. Заң аясында жұмыс жасамаған басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделген.
Міне, өңірлік комиссияның шешімімен облыстық кезеңнен Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жасұлан Асанұлы жеке жобалық жұмысын осылай қорғап, оның жобасы республикалық деңгейге ұсынылды. Ендігі кезекте ол республикалық комиссия алдында өз жобасын қорғайды. Ал, республикалық деңгейде жеңімпаз атанғандар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады.
Жалпы, Жасұлан Қыркеңсенің тумасы, №213 орта мектепті бітіріп, ҚазҰАУ университетінің экономика факультеті, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде мемлекеттік салада жүргеніне 5 жыл болыпты. Іскер азамат отбасылы, бір ұл тәрбиелеп отыр. Оның бұған дейін жетістіктері де аз емес. Былтыр ауданаралық «Жігіт сұлтанында» бас жүлдені жеңіп алып, облыста өнер көрсетіп келді. Патриоттық әндер байқауында да осы тұғырдан көрінді. Тіпті, гір тасын көтеру, қазақша күреспен де тұрақты шұғылданып тұрады. Жеті қырлы, бір сырлы азамат келешегінен көп үміт кұттіретінін дәлелдеді. Бұл өзге жастарға үлгі боларлықтай өнеге.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ.
07 маусым 2019 ж. 1 195 1

Еркін Қасиет от 8 маусым 2019 12:36
Аллаһ Тағалам жолыңды оң қылсын жаным! Халал ризық-несібеміз мол болсын Ин Ша Аллаһ!