№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауы

"Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауы

            
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. "Елім" деп еміреніп, "жерім" деп тебіренген әрбір тұлғаның бойындағы асыл арманы – мемлекеттің гүлденуі үшін аянбай еңбек ету.  Кез-келген жанға жауапкершілік жүктейтін мемлекеттік қызметтің өзіне тән темірдей талабы мен қатал тәртібі, қиындығы мен қызығы бар. Алайда, осындай сатыларды жастық жігер, ұлтжанды қасиет, білікті біліммен басып өткен мемлекеттік қызметшінің бағындырар белесі биік, алар асуы айқын болмақ. Осы тұста, өзін "Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісімін" деп санайтын мақсаты айқын, озық ойлы, кәсіби сауатты, патриот, іскер азаматтар мен азаматшаларға арнап арнайы конкурс ұйымдастырылғанын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған аталмыш конкурсқа әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бір жылдан асқан кез-келген қызметші қатыса алады. Облыстық және республикалық деңгейде өтетін аталмыш шара екі кезеңді қамтиды. Өтініш,  сауаланама, уәждемелік эссе, қызметтік тізіммен қатар, қатысушының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі конкурстың басты шарты болып табылады.
Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар арнайы нысан бойынша конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішпен бірге төмендегі құжаттарды Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша филиалына ұсынуы қажет:
1) мемлекеттік органның конкурс қатысушысына берілген мінездемесі.
2) «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссе. Көлемі 500 сөзден аспауы тиіс. (Times New Roman - 14, жоларалық интервал - бір).
3) Қызметтік тізім.
Уәждемелік эсседе кәсіби қызметіндегі үміткердің жеке жетістіктері, өзінің қызмет аясындағы мәселелерді шешудегі, мемлекеттік органмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процессіндегі жеке үлесі, сондай-ақ, іске асырылған жобалардың тізімі (бар болған жағдайда) дәйектеліп жазылуы тиіс.
Айта кететіні, байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады. Байқауға қатысушылар қажетті құжаттарды мамыр айының төртінен кешіктірмеуі тиіс.
Қосымша ақпаратты
kyzmet.gov.kz сайтынан және 8/7242/705626 нөмірінен білуге болады.
25 сәуір 2019 ж. 1 825 0