Тәжірибе алмасу – табыс кілті
Дәстүрлі «Малшылар слеті» аясында Жаңақорғанда мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері тақырыбында семинар өткізілді. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекшілері, сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облысынан келген агросаланың мамандары мен шаруа қожалық төрағалары жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шарада модераторлық еткен облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жаханов соңғы жылдары саланы дамытудағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Малшылар слетінің негізгі мақсаты – төрт түлікті түлетіп жүрген шаруа иелерінің жаңа заман талаптарына бейімделе отырып, ата кәсіпті кеңейтіп, оны одан әрі дамытудың жолдары туралы пікір алмасу. Жыл бойына жаздың ыстығына, қыстың суығына қарамастан төрт түлік малды өсірумен айналысып жүрген шаруалардың еңбегі орасан зор,– дейді басқарма басшысы.
Соңғы жылдары тұрақты мемлекеттік қолдаулардың арқасында мал шаруашылығында оң даму үдерісі қалыптасып, агроөнеркәсіп кешені инвесторлар үшін тартымды салаға айналып келеді. Соңғы бес жылда Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 27 есеге артқан. Соның нәтижесінде, облыста мал басының өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара –35,6 процентке, жылқы – 70,3 процентке, түйе саны – 64,4 процентке көбейіп отыр. 2019 жылдың 1 мамырындағы мәліметке қарағанда, облыста 335,2 мың бас мүйізді ірі қара, 787,0 мың бас қой мен ешкі, 143,9 мың бас жылқы, 50,3 мың бас түйе, 2,8 мың бас шошқа, 114,4 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда, түліктің барлық түрлерінен өсім байқалды. Сонымен қатар асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді. Мәселен, бүгінгі күні барлығы 7462 мүйізді ірі қара, 68127 бас қой,6380 бас жылқы, 3547 бас түйе асыл тұқымды малдардың санатына жатқызылды.Қойдың –11,3 проценті, жылқының – 4,7 проценті, түйенің –7,8 проценті асыл тұқымды.
–Семинардың бесінші жыл қатарынан Жаңақорғанда өткізілуінің басты себебі – облыстағы төрт түліктің үштен бірі осында. Оның үстіне фермерлердің ғылыми жаңалықтарға құштарлығы жоғары. Яғни тәуекелшіл, тың жаңалықтарды тәжірибеден өткізуде белсенді. Оған ауа–райының ыңғайлылығы мен жазда қырды, күзде сырды, қыста құмды өріс ететін артықшылығы бар. Мұндай географиялық мүмкіндікті жаңақорғандық шаруалар мейлінше тиімді қолданып отыр,– дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бақыт Жаханов.
Одан кейін Республикаға танымал ғалымдар мен селекционерлер мал тұқымын асылдандыруға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің бас директоры, академик Әбдрахман Саданов жемшөпті құнарландыру мен малды дәруменмен семіртуді үйренбей болмайтынын айтты.
– Қазір өнімділікке жұмыс жасайтын уақыт. Ал, өнімділікті арттыруда ғылымға мән беріп, инновацияны енгізуге мүдделі болу керек-ақ. Алматының қасында «Байсерке» ЖШС ғылыми жетістіктердің арқасында әр сиырдан тәулігіне 72 литр сүт сауып отыр. Қызылорда облысында жиырма-отыз литр де болмайды. Сол үшін мал тұқымын асылдандырып, құнарлы жемшөппен азықтандыруымыз керек», – дей келіп, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС шығарып, сынақтан өткізілген малдың жемшөбі мен малды семіртуге арналған дәрумендерін сипаттады. Олардың ішінде Республика аумағында тәжірибеден өткізілген «Фитобицирин», «РизовитАКС», «Фосфобацирин», «Полилаковит», «Бентобак», «ЛактоАС» өнімдерін жеткізіп беруге мүдделі екендіктерін жеткізді.
Семинар барысында сүт өндірісінің 60 пайызы ұсақ тауар өндірушілердің еншісінде екенін білдік. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – өндірістік кооперативтерге ұсақ шаруашылықтарды біріктіру керек. Бүгінде облыста 2688 жеке қосалқы шаруашылықтар мен майда шаруашылықтарды біріктірген 106 кооператив құрылған. 2016-2017 жылдарғы қаржыландырудың нәтижесінде 824 отбасылық мал бордақылау алаңдары, 385 шағын отбасылық сүт фермалары құрылды. Былтырғы жылы кооперативтерде 748 тонна ет, 1517 тонна сүт өндірілген.
Ал, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреев мал шаруашылығын бизнеске айналдырмай саланы дамыту қиын екенін түсіндірді.
– Әрине, шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперативтік қозғалысты дамытқан дұрыс. Дегенмен, шаруаларды бизнеске бейімдеп, нарықтық заңдылықтарды үйретіп, заманауи трендтерді меңгеруіне жағдай жасаған абзал. Біз саланы дамытуда тың жобаны қолға алдық.
Ынталы азаматтарға 505 мың теңге көлемінде грант белгілеп, оларды мал өсірудің қыр-сырын үйретіп, бизнесін жүргізуде тәлімгерлер көмектеседі. Біз осындай тәжірибені төрт шаруашылықта бастап жатырмыз. Көктөбе, Қандөздің мүмкіндігі жоғары. Біз мал өсіру үшін жемшөпті, малды сатуды меңгеруіміз керек. Мәселен, электронды мал базары АҚШ, Канадада бар. Олар малын биржаға шығарады. Электронды биржаға өз малының бейнесін тіркеуі керек. Арзан кезінде жемшөп қорын жасақтап, қымбат кезінде сатуды үйренуіміз қажет. Бізде малдың шығынын, пайдасын есептеуді білмейді. Мал өсіруді бизнес көзі деп есептемейді. Бізде бал арасы мен балық өсіру өте тиімді. Бизнеске айналдыруға болады. Алдымен Жаңақорғаннан мал базарын ашып, сонда артық малымызды шығаруды үйренейік, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Өнімділікті арттыруда төрт түлікті асылдандыру маңызды. Осы бағыттағы жұмыстарды Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ-ның басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Болатхан Махатов сөз етті.
– Қазір біздің қолда ұстап отырған малымыздың басы бар да, өнімі төмен. Республикада бес алты жыл бұрын ғана кең ауқымдағы селекциялық жұмыстар басталды. Малдың 70 пайызы жеке меншіктің қолында тұр. Қазір ет-сүт өңдеу зауыттары көптеп ашылып жатыр. Соларды етпен сүтпен қамтамасыз ететін қолдағы малы барлар. Ендеше, біз осы жекенің малдарының сапасын көтеруіміз керек. Жаңақорған ауданына Алатау сүтті сиырларын әкеліп, бірге жұмыс жасап жатырмыз. Бізде қолдан ұрықтандыру мәселесі кенже қалып тұр. Бір бұқа жылына асып кетсе, 25-30 қашарды қашырады. Ал, қолдан ұрықтандыратын болсақ, бір асыл тұқымды бұқамен он мыңнан астам қашарды қашыруға болады. Бұдан көп экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік бар. Қолдан ұрықтандыру кезінде аналық семіз әрі дайын болуы тиіс. Ветеринардың шеберлігі мен біліктілігі, жемшөптің молдығы да қосымша фактор болады. Сонда ғана біз табысқа жете аламыз,–дейді ғалым.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі, академик, профессор Әбдрахман Омбаев төрт түлікті асылдандыруда шетелдік тұқымға басымдық берудің қажеттілігі жоқ екенін айтты.
–Қазақтың алғашқы айналысқан тірлігі мал шаруашылығы. Біздің ата-бабамыз осы сахарада малды мың-мыңдап айдаған. Малдың ыстыққа да, суыққа да төзімді сұрпын алған. Соның ежелгілері Еділбай қойы мен Адай жылқысының тұқымы қазіргі кезге аман есен тегі бұзылмай жеткен. Жабы жылқысы Қазақстанның барлық өңірінде өз төлі есебінен өсіп жетілуде. Осыдан біраз бұрын Павлодарда жылқы шығыны болды. Академик Ничаевтың сұрауымен солардың тегін тексердім. Сөйтсем, шығынға ұшыраған жылқылардың бәрі сырттан әкелінгендер. Жабы жылқысына түк те болмаған. Шығын жоқ. Зерттегенімізде Адай мен Жабы жылқысында ежелден келе жатқан жабайы жылқының қаны қалған екен.
Қазақтың қос өркешті түйесі де бабаларымыздың ұзақ жылғы селекциялық еңбегінің жемісі.
Жаңақорған ауданындағы малшылар слетіне төртінші рет қатысып отырмын. Мұнда мал шаруашылығының болашағы зор. Кеңес кезінде сүтті бағыттағы Алатау және Әулиеата тұқымдары болды. Біз «РЗА-сүт» ЖШС-мен бірнеше жылдан бері жұмыс жасап жүрміз. Біздің елімізде шөлді шөлейтті аймақта сүтті бағыттағы ірі қараны өсіріп отырған бір ғана шаруашылық. Мұның өнімділігі жоғары. Бір сиырдан 8845 литр сүт сауып отыр. Бұл республикадағы екінші көрсеткіш. Біріншісі – Ақтөбедегі «Айс-плюс» ЖШС. Мұның өзі шөлейтті жерде де сүтті бағыттағы мал өсіруге болатындығының дәлелі. Мен іссапармен БАӘ-де болдым. Жемшөбі жоқ, ауасы құрғақ, су жоқ құмдағы сүтті мал өсіретін шаруашылық әр сиырдан жылына 12 мың литр сүт сауып отыр. Мәселен, «Байсерке» шаруашылығында бір сиырдан тәулігіне орташа есеппен 40 литр сүт сауады. Біздің малдарымыздың 72 пайызы жекеменшік ауыл тұрғындарында. Біз осы жайылымға барып аяғымен жайылатын сиырдың өзінен жылына 3 мың литр сүт алатын дәрежеге жетуіміз керек, – деді академик.
Халықаралық қаракөл қойын өсірушілер қауымдастығының президенті, академик Хисметолла Үкібаев экспорттағанда малды тірідей жіберу дұрыс еместігін көпшіліктің назарына салды.
– Жақында Түркістан облысында іссапарда болдым. Өзбек ағайындар көршілес аудандардағы 20-25 мың теңге тұратын қойларды 40-50 мың теңгеден топтап сатып алып жатыр. Сарығашта мал тиеуге кезекте тұрған көліктердің ұшы-қиыры көрінбейді. Бұлай бола берсе, оңтүстік облыстарда ғалымдардың отыз жыл бойы сұрыптаған қаракөл қойларының бірі де қалмайды»,– дейді Х. Үкібаев.
Мамыр айында Қызылорда қаласында халықаралық талаптарға сай келетін жылына бес мың тонна етті терең өңдеп вакуумдық қаптамамен өткізетін ет комбинаты құрылысының іргетасы қаланған екен. Болашақ ет комбинаты базасында ет-сүйек ұнын өндіретін, балық жемін шығаратын және тері өңдейтін цехтар ашу жоспарлануда.
Жарыссөзге қатысқандар өңірдегі мал тұқымын асылдандыруға қолдан келген жәрдемдерін беруге әзір екендіктерін жеткізді.
Семинарды қорытындылаған Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Бақыт Жаханов аймақтағы мал шаруашылығы саласында Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан шешімін табуы тиіс бірнеше мәселеге тоқталды.
Біріншісі, құс шаруашылығын дамытып, құс етінің импортына тәуелділікті азайту мақсатында жаңадан ұйымдастырылған құс фабрикаларына субсидия (қайтарымсыз қаржы) беру жолдарын жеңілдетуді, екіншісі мал шаруашылығына субсидия алу үшін тауар өндірушілердің меншігінде жайылымдық жер телімі болуы талабы қойылған. Алайда, кейбір тауар өндірушілердің меншігінде жайылымдық жерлерінің болмауынан басқа жайылымдық жерді жалға алып малдарын күтіп бағуда. Шаруашылық субсидия алуға өтінім бергенде бұл жалға алған жайылымдық жерлер порталдан өтпейді. Осыған сәйкес, тауарөндірушілердің мемлекеттік қолдауға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Qoldau.kz» порталынан тауар өндірушілердің меншігіндегі жері туралы талапты алып тастау қажет– ақ.
Семинарға қатысушы қонақтар жаңақорғандық малшылар мен мамандардың атқарып жатқан жұмыстарына, ғылыми тәжірибелерді өндіріске енгізуге деген ынта-ықыластарына ризашылықтарын білдірісіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға құлшына кірісуде. Олар ғылыми тәжірибе мал шаруашылығын дамытуға зор серпін беретіндігіне бек сенімді.
Ескендір ЕРТАЙ.