Көндікпесең бейнетке, қолын жетпес зейнетке
Облыстық V-Малшылар слетінің алғашқы күні Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және өзге де өңірлерден келген делегаттар М.Нәлібаев ауылдық округіндегі Әлібек Нәлібаев төрағалық ететін «Бақытжан» асыл тұқымды репродуктор шаруашылығының тынысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков бастаған делегат құрамында ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен басқарма басшылары бар. Өз кезегінде шаруашылық төрағасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның ішінде, ет бағытындағы қазақтың Ақбас және Абердин-ангус ірі қара тұқымдары мен Көшім, Мұғалжар асыл тұқымды жылқыларын көбейтуді көздейтіні белгілі болды. Көпті қызықтырғаны Абердин-ангус ірі қара тұқымының жергілікті жерге сіңісуі болды.
Қожалық төрағасының сөзінше, «Абердин-ангус» сиырлары Сыр бойына жерсіне бастаған. Жалпы Еуропадан асыл тұқымды мал әкелу жаңақорғандықтар үшін дағдылы іс. Сырттан келген түліктердің жергілікті малдан артықшылығы неде? Тәжірибе алмасу барысында осы сұрақ көп қойылды. Расында күй талғамайтын, бірақ өнімділігі жоғары мал шаруашылықтар үшін мұндай түліктер тиімді.
– «Абердин-ангус» малы негізінен біздің елге бейім. Қазақстанда өсіріліп отырған түлік. Біз өзіміз Ақтөбе облысынан алдық. Бүгінгі таңда қожалықта 43 бас осы асыл тұқымды түлік бар. Жалпы, шөп талғамайтын, бар шөпті қорада болсын, күріштік алаңында болсын жүріп жейтін мал. Бұл мүйізді ірі қараны таңдағандағы басты себеп – Сыр өңірінің ауа-райына өте төзімді. Сиырдың терісі қалың болғаннан кейін, маса, сона, кене деген зиянкестерге шыдамды. Әрі аса көп күтімді қажет етпейді. Жайылымдық жерде жайылып, тез жерсінеді. Сыр табиғатына төзімді асыл түліктің орта есеппен салмағы – 550-600. Ал, бұқаларының салмағы 750-800 келіден басталады, – дейді Әлібек Нәлібаев.
Табиғатынан жайылып жүріп,қоң жинауға бейім Абердин-ангус тұқымының салмағы да тез артып, әрі еті нарықта сұранысқа ие. Расында не ет, не сүт беріп жарытпайтын сиырларды тек баққандағы азабы қалады. Мұны машбектік шаруалар тереңінен түсінген. Содан да болса керек, асыл тұқымды түлік алдыртып, шаруашылығын дөңгелетуде. Біріншіден, мал – асылтұқымды. Екіншіден, мемлекеттен берілетін көмек бар. Қысқасы, шаруашылық иелерінің табысы артып, ырысы тасуда. Жалпы, «Бақытжан» шаруа қожалығында Ақбас тұқымды – 521 бас, Әулиеата тұқымды – 297 бас және жылқылардан «Көшім тұқымы – 544 бас, Мұғалжар тұқымы – 477 бас. Одан бөлек, Қаракөл тұқымы – 8268 бас қой бар. Сонымен қатар, түйе шаруашылығында қатар ұстаған қожалықта 47 бас түйе өсірілуде.
Сонымен қатар, шаруашылық төрағасы Әлібек Нәлібаев алдағы жоспарымен де бөлісті. Оның айтуынша, жалпы асыл тұқымды ет бағытындағы шаруашылықты одан әрі дамыта отырып, мал сою цехын қайта жаңғырту, 1000 бас қой, 500 бас мүйізді ірі қараға арналған заманауи үлгідегі мал бордақылау алаңын салу жоспарда бар екенін жеткізді. Маусымдық мезгілді қоса есептегенде 70-ке жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың шаруасы ширақ.
Түйіндей айтқанда, төскейінен төрт түлік еріп, көсегесі көгерген «Бақытжан» асыл тұқымды репродуктор шаруашылығының келешегі кемел. Болашағы баянды. Басты мақсаты – Елбасы Жолдауында айтылған ет өнімдерін алыс-жақын шетелге экспорттау. Мұндай күнге жетер уақытта алыс емес. Өйткені, Сыр өңірінде алғаш болып «Абердин-ангус» асыл тұқымды түлігін түлетіп отырған қожалықтың серпіні қарқынды. Бұған малшылар слетіна келген делегация құрамындағы отандық ғалымдарда оң бағасын берді. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықтың тәуекелге бел буып атқарған жаңашыл істерімен еңбекпен құрылған бастамаларынан “Көндікпеген бейнетке, қолын жетпес зейнетке” аталы сөзінің мән-мағынасын ұғынғандай болдық.
Әбдісамат ӘБДІШ.