№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІТІРУ КЕШІ БӘСЕКЕ АЛАҢЫ ЕМЕС

БІТІРУ КЕШІ БӘСЕКЕ АЛАҢЫ ЕМЕС

– Иә, қазір бәсекенің заманы, бірақ қандай бәсеке? Бүгінгі жастар осы сөздің мағынасын түсініп алғаны дұрыс. Себебі, кейінгі кезде мектеп оқушыларының өзі алған білімімен емес, қалтадағы қаржымен санасатын деңгейге жетті. Әсіресе, мектеп бітіру кешінде нағыз ысырапшылдыққа жол беріледі. Қымбат көлік, бағалы киім, тамада жалдау мен мейрамхана бағасы да қалтаға ауыр тиетіні сөзсіз. Осыны сәл болса да жөнге қалай келтіреміз?

Бұл мәселені жуырда ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов төл басылымда қозғап, тұщымды ой айтыпты. «Жаңақорған тынысы» газетінде жарияланған «Нағыз бәсеке – білімде» атты мақаланы оқып шықтым. Өте орынды, бірақ енді оны іс-жүзінде көрсете білуіміз керек. Оған ең бірінші ата-ана жауапты. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай баланы есейту оларға міндет. Дұрыс, бала бауыр еті, бірақ неге осы мәселеге келгенде тосырқап қаламыз?
Менің мектеп бітіргеніме 45 жылдай уақыт болды, ал ұстаздық салада жүргеніме биыл 40 жыл. Біз де қоштасу кешін ұйымдастырдық, 10 жыл білім берген мұғалімдерге алғыс білдіріп, үлкен өмірге қанат қақтық. Бірақ, бүгінгідей екі-үш сағаттық кешке бола осынша шашылу әсте дұрыс емес. Қазір ата-ананың маңдай термен тапқан нәпақасын шашып, ойын-күлкімен жарысатын заман емес. Қазір білім мен біліктіліктің заманы. Оқудан озат атанып, спорт пен өнерден жеңіс тұғырынан көрінетін, қай салада болмасын елге қалтықсыз қызмет етіп, ізденімпаздарды бағалайтын заман.
Сондықтан, білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлының осы бастамасын қолдайтын ата-аналар мен ұстаздар қауымы құнды пікірін айта бастады. Осыны мәселені жөнге келтіріп алсақ, қалғаны уақыт еншісінде...

Өмірзақ ОСПАНБЕКОВ,
№54 мектептің мұғалімі,
спорт және өнер шебері.
21 мамыр 2019 ж. 935 0