№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАҒЫЗ БӘСЕКЕ – БІЛІМДЕ

НАҒЫЗ БӘСЕКЕ – БІЛІМДЕ

  ХХІ ғасыр адамзатқа жаңа талап-міндеттер қойды. Тұңғыш Президент айтқандай, адами капиталға сұраныс артты. Бұл – өркендеудің өрісті жалғыз жолы. Енді не істемек керек? Әрине, балалардың ғылым, білім алаңында бәсекелесіп, білікті, білімді болып қалыптасуына жағдай жасап, инновацияны игеріп, робот технология саласына бағыттауымыз тиіс. Себебі, нағыс бәсеке – білімде. Бізге дамыған елдердің тәжірибесі осыны тәлім етеді. Бірақ, біздің материалдық бәсекелестіктен ары аса алмай отырғанымыз қынжылтады. Қалай дейсіз бе? Қымбат көліктер, сәнді киімдер мен мол дастарқанды көрсетуде жарысатын қоштасу кештеріне байланысты сын-ескертулер көбейді.
Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың 12 маусымында 11 сынып түлектеріне бітіру құжаттарын тапсыруды ұйымдастыруды ұсынды. Әрі мектеп бітірушілер кешін өткізуді біріздендіру, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне назар аударуды ортақ міндет етті.
– «Негізі, бұл мәселе жыл сайын көтеріліп тұрады. Бірақ бұрыннан бері келе жатқан жақсы бір дәстүр бар. Ол – түлектердің кешін мектепте өткізу. Ондайда мұғалім мен оқушы арасында салиқалы әңгімелер айтылады. Түлектердің өзара қарым-қатынасы да басқаша жүреді. Өкінішке қарай, соңғы кездері кім және қайда өткізеді, кәдімгідей бәсеке болып кетті. Меніңше, түлектердің кеші бұрынғыдай өтуі керек. Біздің ата-аналарымыз солай өткізді. Біз де мектепте өткіздік. Сонда нағыз мектеппен қоштасу кеші болады. Сол себепті, мектеппен қоштасу кеші тек мектепте ғана өтуі керек деп санаймын. Артық ақша шашудың да қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші ол үшін жасалмайды. Өзара бәсеке үшін емес. Мектеппен қоштасу кеші жанға жайлы кездесу болып өтуі керек. Балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы бір отырысы болуы қажет», – деді Білім министрі Күләш Шәмшидинова.
Бас ұстаздың сөзіне алып-қосар артық сөз жоқ. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету кез келген мемлекет дамуының маңызды бағыттарының бірінен саналады. Бұл түсінікті де. Себебі, адам қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз еткен мемлекет өсіп-өркендей алады. Ал, ұзыннан-ұзын қымбат көліктер шеруі кезінде және кафе-мейрамханаларда өткен қоштасу кешінде қауіпсіздікке ешкім де жауап бере алмайтыны анық. Егер он немесе жиырма жылдық аясында кездесу өтсе, ол басқа әңгіме. Бүгінде ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы шағымданушы ата-аналар кездесіп жатады. Расында, әр отбасының әлеуметтік деңгейі әртүрлі. Бірінің жағдайы бар. Енді бірі аста-төк ысырапшылдыққа бей-жай қарай алмайды. Ал, бәсекеге айналған қоштасу кештері отбасылық бюджетке салмақ салатыны айтпаса да түсінікті.
Мектеп түлектерінің қоштасу кештері қалай өткені абзал? Енді соған тоқталсақ.
Мектеп бітіру кешінің мақсаты – сәнді киімдермен жарысып, мол дастархан көрсетуде емес, оқушы мен ұстаздың арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал. Мектеп аумағында өтетін кештерде аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, интеллектуалдық жарыстарда, спорттық чемпионаттарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан озат оқушыларды құрметпен атап өту де орынды болар еді. Сондай-ақ, ата-ананың да, оқушының да, ұстаздың есінде қалатындай креативті бағдарлама дайындап, бір-біріне алғыстарын білдіретін мағыналы әрі қызықты форматтағы кеш өткізуге болады. Яғни, қоштасу кештерінің өзі білім-ғылыммен бәсекелесуге үндеуі тиіс. Осылайша білім берудің барлық процесі сапалы адами капитал қалыптастыруға негізделетін еді.
Ең бастысы мектеп бітірушілердің іс-шараларын өткізу кезінде қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты тұлғалар бекітіліп, қоғамдық тәртіп ережелерінің сақталуы назардан тыс қалмауы тиіс.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

Әрине, өсіріп-баққан баланың мектеп бітіру кешінде көңіл-күйі жақсы болғанын қалаймыз. Бірақ, адамның көтеріңкі көңіл-күйі қымбат мейрамханаларда өткізілген кештерге байланысты еместігі анық. Ең дұрысы, әрбір оқушының үлкенді-кішілі жетістігі мен мектеп өміріндегі орны дәріптелген кездесулер есте ұзақ сақталатыны ақиқат. Мұндай мазмұнды кештердің бай дәстүрі бізде қалыптасқан. Тек соны жаңғырту, жалғастыру қажет-ақ.
Ендеше, даңғыра бәсекеге бастайтын көлік шерулері мен қымбат мейрамханадан бас тартуда түсіністікпен қарап, тәлімгерлерге дұрыс түсіндіруге шақырамын.

Болат ИБРАГИМОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы.
18 мамыр 2019 ж. 1 164 0