№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАНЫ ТӨРГЕ ОЗДЫРҒАН ӨЗІМІЗ

БАЛАНЫ ТӨРГЕ ОЗДЫРҒАН ӨЗІМІЗ


Жақында аудан әкімдігі жаныдағы жастар кеңесінің үшінші отырысы өтті. Негізгі тақырып жастар тәртібі болатын. Әсіресе, мектеп оқушыларының тәрбиесіне басымдық көбірек берілді. Өйткені, кейінгі кезде мектептегі жеткіншектердің тәрбиесі нашарлап барады. Жастар жиынында мектеп директорлары, жастар ресурстық орталығы мен жергілікті полиция бастығы әкім алдында есеп берді. Әсіресе, кентте бұзақылық жиі орын алады. Жиынның түйіні кешкі мезгілде балаларға бақылау жасау үшін ұстаздар кезекшілікке күнде шығатын болды. Тәртіп сақшылары тәртіпті күшейтуі тиіс.

Бақсақ, оқушыларды осылай өзіміз еркелетіп жіберген жоқпыз ба? Мәселен, ұзаққа бармай-ақ қояйық, біздің мектеп бітіргенімізге он жыл болды. Біз жоғары сыныпта оқып жүрген кезде балалықпен бұзық та болдық, төбелестік, таяқ та жедік, полиция бөлімшесіне де түстік. Бірақ, қазіргідей ұстаздар түнге дейін кезекшілікке шығып, уақытын текке өткізген емес. Одан әріректегі аға буынның да бұл мәселеге басы ауырған-ды. Ал, қазіргі балаларды күндіз де, түнде де мұғалімдер аңдумен жүреді. Сонда ата-ана қайда қарайды, аға буынның жолы қайда?
Көптің түсінігіне салсақ заман солай дейді. Жо-жоқ заман емес, өзгерген адам. Әсіресе, жастар, оның ішінде жігіттер тым майдаланып барады. Біз осылай ұстаздардың мәртебесін түсіріп алған жоқпыз ба деген ой оралады. Күнделікті әлеуметтік желіде көретін бейне таспалар осыны аңғартады. Ата-анасына сенген бала бүгін мұғаліміне қол көтерсе, ертең сол әке-шешеге деген құрметін жоғалтпайды дегенге кім кепіл?
Бір мысал болсын. Осман империясын гүлдендірген Фатих Сұлтан Мехмет Византия империясын жеңіп Стамбұл қаласының алынуы секілді жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болған. Осы Фатих Сұлтан Мехмет хан бала кезінде тым ерке болатын. Сабақ кезінде ұстазы Ақшамседдинді ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын маған ештеңе істей алмайсың» деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдануды әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр етеді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда амалсыз әкесі ІІ Мұрат ханның алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында ІІ Мұрат хан ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да патша осы жоспарды орындау керектігін айтты.
Ертеңіне кішкентай Мехмет тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып берді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып арқасынан дүре соғып, қуып шықты. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетті. Бұл жағдайды бақылап отырған Фатих тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалды. Сеніп отырған әкесі көз алдында таяқ жеген еді. Көздері алақ-жұлақ отырғанында есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кірді. Осы күннен бастап Фатих сұлтан еркелігін доғарып ұстазының айтқанын екі етпейтін болды.
Мұны неге айтып отырмыз. Қазігі қоғамда баласының айтқанын екі етпейтін ата-аналарға да тиесілі ғибрат болсын деген ниет біздікі. Бала тәрбиесімен айналысамын деп жүрген ұстаздарға қосымша жүк артып қойғанымыз дұрыс болмас.
Түптеп келгенде, бәріне қоғам кінәлі, ата-анадан балаға деген жауапкершілік кеткендей. Қазақта «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген даналық бар. Осыны дұрыстап түсініп алсақ игі...

Әлібек ТЕМІРБЕК
13 сәуір 2019 ж. 823 0