№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САПАҒА СҮЙЕНЕТІН ЗАМАН ТУДЫ

САПАҒА СҮЙЕНЕТІН ЗАМАН ТУДЫ

   Тұңғыш Президент Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, экономиканың қажеттілігімен байланыстырылуы маңызды екенін атады. Қазір Үкімет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына мән беріп, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын мамандықтардың алуандануына көңіл бөлуде. Яғни, колледждерге артылар жауапкершілік жүгі еселеп артты. Осы ретте, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдадық.


Жомарт Шәуенов Сыр өңіріне белгілі кәсіпкер, қабілетті ұйымдастырушы емес пе? Колледжге директор болып тағайындалғаннан кейін істі білім ордасын жөндеу, абаттандыру жұмыстарынан бастапты.
– Тазалық табалдырықтан басталмай ма? Маңдайша кез-келген мекеменің айнасы. Сол себепті алдымен кіре беріске көңіл бөлдім. Мұнда төсемелі тастар төсеп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Колледждің іргесі қаланғанына 45 жыл толды. Сондықтан, ғимараттары жөндеу жұмыстарын қажет ететіні белгілі. Алдағы уақытта мұны да шешетін боламыз, – деп сөзін бастады жаңадан тағайындалған колледж директоры.
Бізді қызықтырғаны, соңғы жылдары техникалық мамандықтар сұранысқа ие. Әсіресе, ауданда өндіріс орындарының ашылуымен тау-кен және бұрғылау инженеріне сұраныс артты. Сондықтан сұрақты білім беру үрдісіне бұрдық.
– Бізде еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға басымдық беріледі. Колледжде 10 мамандық бойынша білім беріледі. Сапалы маман даярлауға қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалық бөлмелері, шеберханалары талапқа сай жасақталған. Сондай-ақ, мультимедиялық-лабораториялық кабинет пен компьютерлік сыныптар, кітапхана студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік береді. 2015 жылдан бастап болашақ тау-кен жұмысшысы мамандығы бойынша студенттерді оқыту басталды. 2018 жылы 27 студент осы мамандық бойынша бітірді, – деді Жомарт Әбибуллаұлы.
Бәсекеге қабылетті болу – заман талабы. Дамыған елдер тәжірибесінде жастардың жан-жақты әрі белсенді болып қалыптасуына мән береді. Колледжде де студенттердің сапалы білім алумен қатар қабілет-қарымдарын ашуға басымдық берілген. Мәселен, «Қазақтың қолөнері» үйірмесі, «Электрик», «Дәнекерлеуші», «Құрылысшы» және т.б. үйірмелер жұмыс істейді екен.
– Бүгінде оқу орнында 14 мамандық бойынша 479 студент білім алуда. Оның 418-і жергілікті бюджет тапсырмасы аясында білім алса, 61 студент «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы оқып жатыр. Ал, биыл 147 студент оқу орнын бітіргелі тұр.
Жалпы, жыл сайын техникалық мамандықтар бойынша студенттер қатары артып келеді. Жер асты қондырғыларының машинисі, сығымдағыш қондырғылар машинисі, автоэлектрик құрылғыларын жөндейтін электрик сынды мамандықтар бойынша студенттер білім алуда. Биыл жергілікті бюджет есебінен ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, токарьлық іс және металл өңдеу, токарь-егеуші, өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар, электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері және т.б. мамандықтар енгізілуде, – дейді директор.
– Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман болды. Яғни, адами капитал бірінші орынға шықты. Осындай кезеңде бәсекеге қабілетті маманды қалай қалыптастыруға болады?
– Кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру маңызды саналады. Бәрінен бұрын, өз-өзінің біліміне, білігіне сенетін маман қалыптыстыру қажет.
– Кәсіптік оқуда теориямен практиканың ұштасқаны дұрыс. Студенттер тәжірибеден қайда өтеді?
– Расында, болашақ мамандардың кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқыту барысында байқалады. Соңғы жылдары тау-кен мамандығы бойынша студенттерді «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ға жібереміз. Сондай-ақ, аудандағы ірі-ірі шаруа қожалықтарда студенттеріміз тағлымдамадан өтеді. Олардың көбі өздерін жан-жақты көрсету барысында жұмысқа орналасуға жолдама алып жатады. Болашақ жас мамандарда жауапкершілік және өз бетімен шешім қабылдай білу қасиеттерімен қатар өндірістік машық кезінде өз-өзін ұстауы, тілдесе білуі, маңызды роль атқарады. Мамандыққа және жас маманға қойылатын талаптарды меңгерген әрбір маман өзінің жұмысқа икемділігі мен мүмкіндігін, оған жауап бере алатынына көз жеткізіп орналаса алады.
Жалпы, бүгінде кәсіби білім беруде дуальдық оқыту ұғымы халық арасында таныс болып қалды. Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе кәсіптік білім беру саласына батыл еніп келеді. Дуальдық жүйе дегеніміз, білімгер-түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады. Дуальдық жүйенің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек нарығындағы жедел өзгерістерге бейімделетін, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау мен қайта дайындау үрдісінде жұмыс берушілер мен кәсіптік маман даярлау, оқу орындары арасында әрекеттестік жасау болып табылады. Осындай жүйені бізде дамытуға күш салатын боламыз.
– Гранттардың ауқымы жөнінде айтсаңыз...
– Жыл сайын 150-ден астам грант беріледі. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында бюджеттік тапсырма бойынша 125 студент 9-сыныптан кейін, қалған 25 студент 11-сыныптан кейін түсіп, ақысыз негізде білім алуда. «Нәтижелі жұмыспен қамту» арқылы 15 оқушы түсті.
– Грантпен түскен студенттерге шәкіртақы берілетін болар?
– Әрине, грант иегері шәкіртақы алады. Бірақ, оның да шарттары бар. Қалай десеңіз, оқуға түскен әрбір түлек оқу жылының алғашқы жартыжылдығында шәкірт ақысын толық ала алады. Одан кейін, оның сабақ үлгеріміне байланысты. Шәкіртақы әр студентке – 21 785 теңге болса, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы төленетін шәкіртақы 34 498 теңгені құрайды. Сондықтан, беріліп тұрған мүмкіндікті пайдаланып, сапалы білім алуды әрбір студент сезіне білуі керек.
– Колледже түсу үшін қандай құжаттар қажет?
– 9 немесе 11 сыныптан кейін кез келген түлек колледжге құжат тапсыра алады. Ол үшін алдымен өтініш жазады, білім туралы құжаты, яғни, аттестат пен куәлігі болу керек. Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік көшірмесі керек. Сосын дәрігерлік анықтама мен 3х4 суреті болса болды. Ал, құжаттарды қабылдау маусым айынан бастап, тамыз айының соңғы күндеріне дейін жалғасады.
– Сіздер қысқа курстар арқылы мамандарды қайта даярлайсыздар. Осы жөнінде тоқтала кетсеңіз.
– Үш айлық оқу жылына екі рет оқытылады. 2018 жылдың сәуір-маусым айында 102 тәлімгер бітірсе, жыл соңында 100 түлек оқып шықты. Олар аспаз, дәнекерлеуші, құрылысшы, шаштараз, автоэлектрик, компьютерлік сауаттылық сынды мамандық бойынша тәлім алды. Осы бітірушілердің ішінде тек 56-ы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан. Биылға әзірге белгісіз. Жалпы, бұл оқуды кез келген жастағы тұрғындар оқи алады. Ол үшін аудандық жұмыспен қамту мекемесіне тіркеліп, кезегі келген соң бізден өзіне керекті мамандығы бойынша дәріс ала алады, – деді Ж.Шәуенов.
Колледж студенттерінің ғылым, білім және спорт саласындағы жетістіктері көп. Мұны директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Совет Нұрмағанбетұлынан білдік.
– Жуырда Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан медициналық университетінде Қазақстан Республикалық кіші ғылым академиясының 45-ші Республикалық Ғылыми тәжірибелік конференциясында 3-курс студенті Али Мұқағали бірінші орын иегері атанып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Арал өңірі күріш жүйесінің тозған, сорттанған, көне топырағы жағдайында Ақ қауданды орамжапырақ дақылын өсіру технологиясы» тақырыбында баяндамасын қорғады, оның жетекшісі, өндірістік оқыту шебері А.Абилхаиров «Алғыс хатпен» марапатталды. Сондай-ақ, «WorldSkills Kyzylorda» ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңінде «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша колледж түлегі Жасұлан Ибадуллаұлы үшінші орынды жеңіп алса, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша үш курс студенті Дидар Ибрагимов екінші орынды иеленген. Бұдан бөлек, жыл да қызыл дипломға бітіруші түлектердің саны артып келеді. 2016 жылы – 7, 2017 жылы – 9, 2018 жылы – 11-ге жетті, – деді директордың орынбасары.
Студенттердің жетістікке жетуінде ұстаздар қауымының қажырлы еңбегі жатқаны белгілі. Ал, колледж ұстаздардың де табыстары көп. Әсіресе, волейболдан ауданаралық және облыстық жарыстарда бас жүлдені бермей келеді.

Әли ТЕМІРБЕК.
18 мамыр 2019 ж. 936 0