№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АСТАНА – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ

АСТАНА – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­дағы жасампаз істердің жолбасшысы, саяси тұрақтылықтың кепілі, елдіктің мұратын асқақтатушы Елорданың негізін қалаушы қайраткер. Расында, Сарыарқадай сайын дала төсіндегі Есілдің қос жағалауынан бой кө­терген Астананың кең қанат жайып өркендеуі әрбір қазақстандыққа рух береді.
Әрине, айта салу жеңіл болғанмен, оны құрылысын жүргізу барысында қиындықтар кездескенін біз жақсы білеміз. Себебі, өзім 10 жылдан астам елорданың құрылысының басы-қасында болдым. Әлі де құрылыс жұмысына араласудамын.
Астана әрбір қазақстандықтың бойына Тәуел­­сіз елдің ертеңіне деген сенімін қалыптастырды. Енді жұрттың бәрі Аста­наға баруға асық, тіпті, өзге елдер де емірене қарайды. Міне, Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің халқының алдында атқарған теңдесіз жобасы осы.
Бір сөзбен айтқанда, Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы. Себебі, қаланы бір көр­ген адам одан Президенттің айшықты қолтаңбасын жазбай таниды. Мен осындай сұлу да, сымбатты, көркем қаланың әлем қалаларымен иық тірестіретін деңгейге жетуіне кірпіш қаланғаныма ризамын, әрі, мақтан етемін.
Самат АЙТЖАН,
құрылысшы.
19 наурыз 2019 ж. 868 0