№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛАҒАТТЫ ІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ АЙҚЫН

ҰЛАҒАТТЫ ІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ АЙҚЫН

   Соңғы жылдары ҰБТ қортындысы бойынша Төменарық ауылындағы №223 орта мектептің көрсеткіші үздіктер қатарынан көрінуге сеп болуда. Мәселен, 2017 жылы ҰБТ қортындысымен 91,7 балл жинап, мектептер арасында төртінші сатыға жайғасты. Ал, 2016 жылы тестілеу нәтижесінде 92,6 балмен ауданда көш бастаса, облыста үздік үш білім ордасының қатарынан көрінді. Болат Әбен басшылық ететін білім беруде өзіндік дәстүрі қалыптасқан мектептің тынысымен арнайы таныстық.


2017 жылы жаңа мектеп ғимаратына көшкен білім ордасының болашағы баян­ды. Келешегі кемел. Өйткені, ізденімпаз оқушылардың дені осы ауылда. Әлгінде айттық, соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеудің қортындысы бойынша бұл мектеп ауданда үздік бестіктің қатарында көрініп жүр. Мәселен, 2017-2018 оқу жылында бітірген 33 түлектің, 3-і «Алтын белгі» алса, 9 оқушы елдің әр аймағындағы оқу орындарының грант игері. Сонымен қоса, 12 шәкірт «Серпін» бағдарламасының грантына түссе, қалған түлектің барлығы ақылы негізде білімдерін шыңдауда.
Мұндай жетістіктің артында нәтижелі жұмыс тұратыны айқын. Бұл жөнінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанат Жүрсіннің пікірін тыңдадық.
– Мектеп басшысы Болат Әбеннің ұтқыр басқарушылық қабілеті ұстаздарды үнемі жетістікке жетелейді. Пәндік олимпиадалар мен Ұлттық бірыңғай тестілеуде шәкірттеріміз оқ бойы озық шығып, мектеп абыройын асқақтатып жүр. Бүгінде ҰБТ-ға дайындық тұрақты жүріп жатыр. Мектепте дайындыққа барлық жағдай жасалған. Оған қоса, оқушылардың ынтасы зор. Қашанда дайындықтан қалмай, дәрісті жібермеуге тырысады. Себебі, болашақ білімдінің заманы екенін жақсы біледі, – дейді Қанат Жүрсін.
Сондай-ақ директордың орынбаса­рынан пәндік олимпиаданың оқушыға берер пайдасын сұрадық. Оның айтуынша, пәндік олимпиада – ғылымның алғашқы баспалдағы болып саналады.
– Жалпы, бала санасына ғылымның ал­ғаш­қы ізденістерін қалыптастырып, келешек жас ғалымдарды баулитын, еркін ойлы болып қалыптасуында білім бәсекесінің маңызы зор. Мұндай олимпиада жаһанның дамыған елдерінде жоғары деңгейде жолға қойылған. Әрі әлемдік білім сапасын, жоғары білімнің өресін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде саналады. Білім бәсекесіне түскен, ғылым – техниканың көз ілеспей дамыған заманында ғылымның терең сырына бала жастан бейімделу ел ертеңінің әлеуетті болуына даңғыл жол ашады. Сондай-ақ пәндік олимпиадаға дайындық, адам миының ең жоғарғы қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын ғылыми ізденіс деп білеміз. Бұл бағытта №223 орта мектептің озат ойлы оқушылары қашанда биік белестерді бағындыруда, – деді Қанат Жүрсін.
Осы тұста, түрлі білім бәйгесінен оза шапқан оқушылардың бірқатарын атын атап өтсек. Білімпаздар қатарында: М.Баянов қазақ тілі олимпиадасынан І- дәрежелі диплом иегері, А.Оспанқызы ағылшын тілі пәнінен ІІ-дәрежелі диплом иегері, Е.Серік І-дәрежелі, Е.Абдіраман І-дәрежелі диплом иегері, А.Қалданова ІІ-дәрежелі Диплом иегері, қазақ тілі бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, М.Ілесбек, Н.Жәнібекова, А.Еркінбек, Д.Бесбай, А.Нұрзанұлы, Д.Нұртазаев І дәрежелі Диплом иегерлері, Қазақ тілі бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанған.
Иә, сексен жылдық тарихы бар іргелі білім ордасында 63 ұстаз шәкірттерге білім беруде. Оның ішінде, 7-і жоғары санатты, 37-і І-санатты, 17-і екінші санатты және біреуі санатсыз. Кадр әлеуеті толысқан мектептің мұғалімдері деңгейлік оқыту курстарын оқып, заманауи білім үдерісіне сай ақпараттық қоғамға тез бейімделген. Ұстаздық жолы қалыптасқан парасатты педагогтар қатарында қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Гүлбадан Байтелиева, Сақимова Халимаш бастауыш мұғалімі, Бибіраба Мырзахметова физика пәні мұғалімі, орыс тілі және әдебиеті пәнінен Гүлмира Жаманқұлова, тарих пәнінен Нұрлан Оспанов, математика пәнінен Мұхамедияр Рыспанбетов, Әбдіқадір Дүйсебаев, және биология пәнінен Дәмеш Мәмбетова бар. Жасыратыны жоқ, жас ұрпақтың ата-баба өсиеттерін бойына сіңіріп, салт-дәстүрін дәріптеп, ел қамын ойлайтын бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыруда ұстаздардың орны айрықша.
Сонымен қатар, «бітер істің басында, жақсы жүрер қасында» демекші, мектепішілік шараларды ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанат Жүрсін бастаған іскер ұстаздар бар. Ал, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шамсуддин Бекназаров шәкірттерге тәлімді тәрбие беру бағытындағы шараларын ұтымды ұйымдастырып жүр. Оған қоса, директордың кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Асылхан Әуешов пен ғылыми істер жөніндегі орынбасары Асқар Дүйсебаев бітіруші түлектердің кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, аудандағы тапшы мамандықтарды сараптап, саралап отырады.
Мектеп тынысымен танысып жүргенде қабырға стендіне ілінген мектептің мақтан тұтарлық түлектерін көзіміз шалды. Әсіресе, ғылым жолына түскен ғалымдары жетерлік екен. Мәселен, Айдархан Қалтаев математика ғылымдарының докторы, Оспан Досжанов – техника ғылымдарының докторы, Айман Назарова – медицина ғылымдарының кандидаты, Күлзада Әбенова – филология ғылымдарының докторы, Марат Ушатов пен Қанат Әнуарбеков – философия ғылымдарының докторы, Бағдаулет Махашев – «Жан Арай» зауытының директоры, облыстық мәслихат депутаты, Әділ Айдарбек – «Қазақстан Республикасының Теміржол саласының құрметті қызметкері».
Жалпы, қорыта айтқанда, «Алтын белгі» иегерін шығару бір ғана ұстаздың еңбегі десек қателесеміз. Болат Әбен басшылық ететін мектептің ұжымдағы ұйымшылдығы – осындай биік белестерден көрінуге жол ашуда. Басты бағыты – адами капиталдың сапасын арттыру болып табылады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
03 мамыр 2019 ж. 856 0