№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

Елбасының тікелей бастамасымен, осыдан жиырма жыл бұрын еліміздегі береке мен бірліктің мекені Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда тегі әртүрлі, мақсаттары ортақ мыңдаған Қазақстан азаматтары Ассамблея қанатының астында ел алдына қойылған ортақ мақсаттарды қызу іске асыруда.
Тағдыры әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін қазақтың дарқан даласына қоныс тепкізді. Дархан жүректі, кең пейілді қазақ халқының ыстық мейірімінің арқасында тағдыр тәлкегіне ұшыраған көптеген өзге ұлт өкілдері ұрпағын, қасиетті шаңырағын сақтап қалды.
Осы орайда, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай аудандағы түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан алқалы кездесу «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өрбіді. Кездесуді аудандық партия филиалының консультанты Нариман Үсенұлы ашты.
– Еліміздің бүгінгі жетістіктері – Президенттің жүргізіп отырған парасатты да көреген саясатының, көпэтносты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы бірліктен, ынтымақтан бастау алады. Сондықтанда ел бірлігінің бекем болуына өзіндік үлестеріңізді қосып, аудан абыройының асқақтай беруіне қызмет ете беріңіздер, – деді Нариман Жакудаев.
 Сондай-ақ басқосу барысында ауданда он сегізден астам ұлт өкілдері тату тұрып жатқанын тілге тиек еткен Қоғамдық келісім КММ-ның Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Асхат Серікұлы мерекенің маңыздылығына тоқталды.
– Жаңақорған ауданында ғұмыр кешетін өзге ұлт өкілдерінің қазақ жеріне деген риясыз ризашылығы мен алғаусыз алғысы шексіз. Бұл да болса, рухани келісім – бірліктің, берекенің, бейбітшіліктің кепілі екені даусыз. Лайым, татулығы жарасқан, жүзі басқа болса да жүрегі бір, түрі басқа болса да тірегі бір ұлттар мен этностан құралған қазақтың рухани келісімі арта берсін. Біздер бұл бағытта татулықты ту етіп, елдік мүдде мақсатындағы ілкімді істерді ілгерілете береміз, – деді сала сарапшысы.
Алқалы кездесуде қонақтар қауымы да сөз алып, алғаусыз ризашылықтарын жеткізді. Түрік ұлтының өкілі Шатарат Изатова ұйымдастырушы тарапқа ыстық лебізін білдіріп, мұндай шаралар бауырластық пен ынтымақтастықты арттыратынын тілге тиек етті.
Дөңгелек үстел соңында өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген өзге ұлт өкілдеріне аудандық «Нұр Отан» партииясы филиалының «Алғыс хаты» табысталды.
Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ.
01 мамыр 2018 ж. 1 914 0