№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаражатты қалай үнемдейміз?

Қаражатты қалай үнемдейміз?

Нарық пен экономиканың заманы. Күнделікті көшеде кетіп бара жатып-ақ, жол ақысы, түстенетін тамағымыз сынды қарапайым дүниелерге қаражатты есепсіз жұмсап қойып жатамыз. Жоспарсыз жұмсалған ақшаның арты сан соқтырып, өкінішке ұластыратын жайттар аз емес. Сол үшін бүгінгі адамдардың қаржылай сауатты болуы – заман талабы. Олай болса, кез-келген адам баласына қажетті, пайдалы ақпаратты ұсынамыз.

1.Қаражаттың ең басын нан алуға жұмсаңыз! Өйткені, нан – ырыстың, табыстың басты көзі. Нан болған жерде ән болады.
2.Садақа беруді басты назарға алыңыз! «Сен айт: «Патшалықтың иесі болған ей, Алла! Қалаған адамыңа патшалық бересің, қаласаң одан тартып аласың, ықыласың түскенге үйіп-төгіп байлық бересің де, қаһарыңа алғаныңды қор етіп қоясың. Игіліктің бәрі өз қолыңда. Сенің құдіретің бәріне толық жетеді», (3.Али Имран-26). Садақа – береке мен молшылықтың бастауы. Алла разылығы үшін садақа жасаған пендеге Алла Тағала одан екі есе жоғары табысты нәсіп етеді екен.
3.Арнайы кіріс-шығыс журналын ашыңыз. Тапқан табысыңыз бен бір айда жұмсалған қаражатты тізбектеп, есептеп, кеткен шығынды біліп отырған абзал.
4.Сыртқа шығарда қалтаға көп қаражат салудың еш қажеті жоқ. Бәрі есеппен орын алу керек. Сонда ақшаның үнемделуіне жол ашылады.
5.Жұмыс орнына тамақты үйден дайындап барыңыз. Бұл – Корея, Жапония,Америка сынды шет ел тұрғындарының ұстанатын қағидасы. Әрі семіздікке ұшырамауға пайдасы зор.
6.Әр үйде ақша жинайтын (копельник) тиын салғыштар болуы тиіс. Күніне ең кемі 100 теңгеден салып отырсаңыз, 365 күнде 365 мың қаражат жұмсауға сеп болады.
7.Үйге қажетті азық-түлікті бірден көп етіп алыңыз. Базарлар мен сауда дүкендерінде жиі бару қаражатты есепсіз жұмсауға соқтырады.
8.Балалардың есепсіз тиын жұмсауына жол бермеңіз! Олардың дүкендегі консерванты көп заттар мен тәтті, мәйдә-шүйдені алмағаны дұрыс. Бұл – біріншіден, бала денсаулығына зиян болса, екіншіден қаражаттың шектен тыс жұмсалуына итермелейді.
9.Бір айдан келесі айға ақша артылдырыңыз. Сондай айдан-айға артылған ақша арқылы өзіңіз армандап, қол жеткізе алмай жүрген затты алуға мүмкіндік туады.
10.Басты қағида – қаржылай сауаттылық. Бір тиынның өзінен мың тиын құрауға болады. Ал, оны қалай жүзеге асыру – әркімнің өз қолында...
26 сәуір 2019 ж. 1 227 0