№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Пәтер ақысына қажетті қаржыны санап берді...

Пәтер ақысына қажетті қаржыны санап берді...

  «Ей, Мұхаммед, оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)». Алла «Бақара» сүресінің 272-аятында осылай бұйырады.



  Ғасырлар көшінде шариғатпен өмірін өрнектеген Ұлы даланың тұрғындары «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» қағидасын берік ұстанып келді. Оған тарих беттеріндегі атымтай жомарттардың қайырлы істері дәлел. Мұндай сабақтастық әлі де үзілген жоқ. Жақында соған куә болдым...
Жүрегінде мейірімі бар деген бірнеше қалталыға хабарласып жағдайды түсіндірдік.
Мәселенің мәні мынада...
Өздеріңіз білетін әріптесіміз Оразалы Мұсабеков өткір тілді, қарымды қаламгер еді ғой. Алланың үкіміне кім қарсы келсін. Қаламгерден қапыда айырылып қаламыз деп кім ойлаған?
...Орекең жарықтықтың артында кестелі сөзі, орамды ойлары ғана қалыпты. Расында ғой, «Жегені жаңтақ, арқалағаны алтын» журналистер қауымында қайбір артық дүние қалсын! Тіпті, жұбайына аманаттайтын баспанасы болмапты...
Қайтсін, маңдайға жазылғаны да. Тірі тіршілігін жасап, уақыт шіркін жүре береді, жүре береді екен.
Отбасының кіріс көзі – қызының қызмет орны балабақшадағы табысы ғана. «Құдай азды-көпті берсе де, нығметіне тәубе қыл» дегендей барға қанағат құтып күнелте береді...
Бірақ, «Құдай бір айналдырса, шыр айналдырады» дегендей қызына дерт жабысып, жұмыстан шеттетіледі. Жалғыз кіріс көзі жабылып, үйдің берекесі кетеді. Бір үзім нанға зар болып қалады. Пәтер және жарыққа төлейтін қаржы болмағандықтан берешек жамала береді, жамала береді. Үйді жылытатын ағаш та, көмір де жоқ...
Қыс ауасы келеді. Қаһарына мінсе ешкімді де аямайтыны белгілі ғой. Не керек, жарының ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қара шаңырағы – ауданның төл басылымына келіп, жағдайын түсіндіреді...
Бір отбасы, тағдырлар күйрегелі тұр. Қоғамнан қайыр күтіп, алаңдаулы. Дереу отбасыға демеу болатын қалталыларға жағдайды баяндадық.
Қашанда қайырымды істердің бел ортасында жүретін қожакенттік кәсіпкер Мұхамеджан Рүстемов жағдайды естіп, редакцияға келіпті.
– Тыныштық па?
– Тыныштық.
– Орекеңнің отбасына байланысты бір нәрсе естідім ғой...
– Қайырымы бар адамдар демеу болса деген ниет, – деп жағдайды түсіндірдім.
Сол мезетте Орекеңнің жары да көрінді.
Жағдайдың байыбына барған Мұхаң азаматтық танытып 6-7 айдан бері жамалған пәтер ақысына қажетті қаржыны санап берді...
Алғысын жаудырған нәзік жандының жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті...
Мешіттің жамағаты көмірмен қарасты. Партия да қолдан келген көмегін беріпті.
Қасиетіңнен айналайын, қазағым-ай!..
«Құдайдың күнінің жаманы жоқ» деп күңелтіп жатқан отбасыға демеу боламыз деген жанашырлар табылса, кәнікей!

Айнұр СЕЙДЕМЕТОВА.
14 қаңтар 2019 ж. 930 0