Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстан медиа-саммитіне тіркелу басталды

Қазақстан медиа-саммитіне тіркелу басталды

    2018 жылғы 15 қарашада Алматыда (SmArt point) Kazakhstan Media Summit өтеді.
Биыл 5 елден отыздан астам сарапшы Алматыда бас қосады. Бұл – Орталық Азия мен Қазақстандағы медиабизнес пен маркетингтің басты ойыншыларына арналған кәсіби алаң.


Қазақстандық медиа-саммит 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, ол маркетинг және медиаиндустрия, PR- қауымдастық, журналистер мен блогерлердің мыңнан астам маманының басын қосады. Медиасаммит тиімді нетворкинг, сарапшылардың кәсіби ортасында да, кең аудитория үшін де оқыту және шабыт үшін бизнес-платформа қызметін атқарады. Шараның басты мақсаты – дәстүрлі және жаңа медиа индустриясының кәсіпқойларын біріктіру. Биылғы күн тәртібіндегі басты сұрақтар: Қазіргі қазақстандықтардың медиа әдеті қалай өзгерді? 2019 жылы жарнама нарығынан не күту керек? Жарнама берушілерде қандай контент сұранысқа ие? Отандық медиабизнестегі ақша қайда? Жарнама агенттіктері жаңа реалияда қалай өмір сүруі керек? Панелдік пікірталас және шеберлік сабақтары аясында 5 елдің отыздан астам спикері сөйлейді. Дәстүрлі түрде бір уақытта бірнеше зал жұмыс істейді. Қазақстандық медиа-саммит – іскерлік байланысты реттеудің және бизнес-серіктестер табудың бірегей мүмкіндігі. Шараның ұйымдастырушысы - Select Communication group http://www.selectgroup.info Серіктестер: «Бизнес FM», «Forbes», «Медиафабрика» агенттігі, «Sky production studio» Жаңа медианың жаңа кейстерінен және трендтерінен шабыт алуға, маркетинг коммуникациясы локалды нарығы қалай дамып жатқанын білуге, өзі үшін индустрияның негізгі басымдықтарын анықтауға бар болғаны бір күн. Қатысушыларды тіркеу http://mediasummit.kz/ сайтында ашылды.

www.24.kz
05 қараша 2018 ж. 902 0