СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ МӘСКЕУДЕ
Сыр өңірінің журналистері Мәскеу қаласына халықаралық ғылыми оқылымға қатысып, тәжірибе алмасу үшін арнайы барды, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz тілшісі.
Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен Сыр өңірі аудандық газеттерінің өкілдері Мәскеу қаласы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін Х халықаралық «БАҚ және жаппай байланыс-2018 (СМИ и массовые коммуникации–2018) ғылыми оқылымына қатысуда.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Елена Лернидовна ашып, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтармен таныстырды.Италияның Перуджи университетінің профессоры Паоло Манчини дәстүрлі басымның бүгіні мен масмедианың перспективаларына тоқталды.