№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗҒАЛДАҚ – ӨРКЕНИЕТ КУӘСІ

ҚЫЗҒАЛДАҚ – ӨРКЕНИЕТ КУӘСІ

Қазақстан қызғалдақтың отаны екендігін әлем жұрты біле бермейді. Апорт алмасы секілді қызғалдақтың тамыры терең қазақ тарихының төрінен ойып тұрып орын алады. Оны ұлттық салт-дәстүр, қазақы дүниетанымнан аңғаруға болады. Яғни, қазақ халқы дәстүрлі қолөнер бұйымдарына нәбәтат, көгеріс өрнегі тобына жататын «қызғалдақгүл» оюын салуды жиі қолданды. «Қызғалдақгүл» оюы кестеленген түскесте, тұскиіз, киім-кешек, атжабу, түйежабу, ботажабу, дастарқан, тоқып салынған кілемдер, оймыштап салған ыдыстарды музей қорынан көруімізге болады. Қызғалдақ гүл кестелі орамалдың, қосетек көйлек етегінің сәні болған.
ХХ ғасырдың бас кезінде неміс зерттеушісі Рихард Карутц 1909 жылы Маңғыстау жеріне үшінші рет келгенінде жергілікті қазақтардан қызғалдақгүл оюы салынған атжабудың, ертоқымның сызбасын сызып алып, «Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке» атты кітабында жариялаған.
Даланың символына айналған аң стилі мен зооморфты оюлар жануарлар әлеміне, ал көгеріс оюлар өсімдік әлеміне байланыстан туындаған. Көгеріс оюлардың негізінде өркендеу идеясы жатыр, қыр гүлдерінің сабағы, жапырағымен бірге салынуы, мәңгі тіршілік, өмірдің жалғасы деген ежелгі наным-сеніммен байланысты қалыптасқан. Міне, Ұлы дала төріндегі қызғалдақтың тарихы тереңде жатыр. Сондықтан, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қызғалдақтың отаны қазақ даласы екені ғылыми тұрғыда дәлелденгенін айтып, келер ұрпаққа соны насихаттауды міндеттеді.
Осыған орай мақалада туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және Жаңақорған аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы Қаратау баурайында «Қызғалдақ-өркениет куәсі» тақырыбында облыстық өнер фестивалі өткізілді.
Оқушылардың өз өлкесінің тарихы мен мәдениеттеріне, табиғатына танымдық қызығушылығын арттыру негізінде тарихи санасын жаңғырту, қызғалдақ феноменін зерттеу арқылы жастарды патроиотизмге тәрбиелеу, өлкетану экспедициясын өткізуді ілгерілету мақсат тұтқан шараның мәні зор болды.
Фестивальда барлығы 100-ге жуық адам қамтылып, 5 номинация бойынша оқушылар өзара сайысқа түсті. Қорытындысында жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасы алғыс хаттары және дипломдарымен марапатталды. Облыстық шараның ауданда абыроймен өтуіне белсене атсалысып , өте жоғары деңгейде ұйымдастырған №180 мектеп ұжымына, директоры Оспанова Шолпан аудандық білім бөлімі арнайы Алғыс білдіреді.
Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар...
Мира ЖАНДАРБЕКОВА,
білім бөлімінің бас инспекторы.

18 сәуір 2019 ж. 1 689 0