№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАРА ЖЕРГЕ ГҮЛ ӨССЕ ЖАРАСАДЫ

ҚАРА ЖЕРГЕ ГҮЛ ӨССЕ ЖАРАСАДЫ

  Жақында Түркістанға жол түсті. Облыс орталығы болғалы көшелерді кеңейту жұмыстары жүйеленіп, құрылыс қарқын алыпты. Бәрінен бұрын көшенің бойында жайқалып тұрған қызғалдақ пен сарғалдақ ғимаратының көздің жауын алады. Расында, гүл құлпырса жерге сән кіреді. Түркістандық атқамінерлер шаһардың көркін ашатын гүлдерге мән берген сынайлы. Мұндай үрдісті Шиелі кентінен де байқадық. Ал, бізде аудан әкімдігі маңында болмаса, басқа жерден гүлге көмкерілген көшелерді байқамайсыз.

   Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін дәйектеді. Қаратаудың қызғалдағы бүгінгі голландиялық гүлдердің арғы атасы дейді. Біз табиғаты көркем даланы тұрақ еткендей сұлулыққа да құштар болсақ қой! Ең болмағанда, үйдің ауласына, көшенің бойына гүл егуге ниеттілер табылса ғой! Сонда көшелер абаттанып, көркейе түсер еді. Ол үшін гүл өсіру мәдениетін қалыптастырып, гүлдің бизнесін дамытуға мән беру керек секілді.
Жаңақорғанда гүлді бизнеске айнал­дырғандарды іздестірдік. Табылды. Бірақ, алып-сатарлар ғана. Яғни, Түркістан, Шым­кент, Алматының жылыжайларында бапталған гүлдерді мейрамдарда сатуға шы­ғарады екен.
   – Аудан әкімі бекіткен жоспар бойынша биыл да гүл отырғызу үшін арнайы қаржы қарастырылды. Сәуір айының ортасында гүл ұрығын отырғыза бастаймыз, – деді кент әкімдігінің бас маманы Алма Мамирова.
  Гүл – әдеміліктің, сыйластық пен құр­меттің белгісі. Сондықтан, гүлге сұраныс ешқашан да тоқтаған емес. Оны өсіру мен сату – табысты кәсіптің бірі саналады. Алайда, ол білімді, бай тәжірибені, арнайы дағды мен қабілетті талап етеді. Сол себепті, көпшілік гүл өсіруге ынталы емес. Сананы тұрмыс билеген заманда жұрт өнімі мол беретін бақша дақылдарын өсіріп, нәпақа табуға тырысады. Десе де гүлден де тау тұрғызуға болады екен.
  – Қай мезгілде болмасын гүлге сұраныс жоғары. Әсіресе, мереке кездерде тіпті арнайы тапсырыс беретіндер өте көп. Бір әттеген-ай дейтін тұсымыз гүлдер көбіне өзге өңірлерден, көбіне көршілес елдерден келеді. Сондықтан, бағасының қымбат болуы осыдан, – деді алып-сатарлар.
  Иә, гүл – екібастан өтімді тауар. Әсіресе, мейрам кезінде гүл іздеушілердің қатары арта түседі. Сатушылар қай мейрамда қай гүлге көп тапсырыс беруді де жақсы біледі. Мысалы, Халықаралық әйелдер күнінде қызғалдақтар жақсы өтетін болса, 7-9 мамырда қалампыр гүліне сұраныс көбейеді. Ал, білім күнінде бақытгүлін талап әкетеді екен.
  Осыдан шығатын қорытынды, біз өзге елдердің экономикасына үлес қосып жатыр­мыз. Себебі, Қазақстанға сырттан келетін гүлдердің үлесі 70 процентке жуықтайды екен. Қалғаны отандық өнім. Алматы мен Тараздан бөлек Шымкент шаһарында да гүлдің түр-түрін кездестіруге болады. Десе де, олардың көлемі тым аз дейді сарапшы мамандар. Себебі, біздің елде отандық гүлге сұраныс аз. Оның үстіне жеміс ағаштары секілді гүлдерге мемлекет тарапынан субсидия төленбейді.
  Отандық гүл нарығының құны 130 млн. АҚШ долларына жеткен, – деп хабарлайды «Хабар 24». Мәселен, нарықтың жартысынан астамы – импорт. Қалған бөлігі отандық өнімнің үлесінде. Елімізде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған 5 ірі жылыжай бар. Бірақ оның өнімділік қуаттылығы отандық нарықтың тек 30 процентін қамтиды. Осыдан 3 жыл бұрын жалпы құны 100 млн. АҚШ долларын құраған нарық бүгінде тағы 30 млн долларға толықты. Гүл сатушылардың айтуынша, соңғы жылдары байқалатын жаһандық экономикалық дағдарыс аталған салаға өсім беріп отыр.
Жалпы, гүлді бизнеске айналдыру ХІХ ғасырдан басталғанымен, ыдыста өсірілетін гүлдерді сату, сатып алу біздің елімізде өткен ғасырдың аяғында бастау алды деуге болады. Гүлдерді күтіп-баптау кезінде өзінің ережелері сақталмаса, гүл ауруға ұшырайды жапырақтары сарғаяды, тамыры шіриді. Топырақтың құнарлылығы маңызды орын алады. Егер топырақ құнарсыз болса, гүлге берілетін тыңайтқыштарды  пайдалану керек. Ал, біздің топырақтар әлі тың, мұны арнайы мамандар әлі де дәлелдеп келеді.

ГҮЛ ӨСІРУ – ТАБЫСТЫ КӘСІП

   Гүл бизнесі табысты әрі тәуекелі көп сала. Сондықтан да бұл салаға тәуекел деп тас жұтқандар ғана болмаса, көпшілік жолай бермейді. Елімізде гүл өсірумен айналысатын шаруашылықтар саусақпен санарлықтай ғана. Отандық, қазақ жерінің гүлі дегенде тілдің тұсалары да осы тұс. Еліміздегі гүл нарығының басым бөлігін шетелдік өнім жаулап алған. Ал оның орнын басуға қазақ кәсіпкерінің қауқары жетер емес. Хош иісімен елітіп, жапырағы жайқалған алқызыл гүлдерді күтіп баптау оңай шаруа емес. Күрделі кәсіп. Сондықтан да болар бұл бизнес түріне көбі бара бермейді. Біздікі сапасы сәл төмендеу екені тағы бар.
Енді бір сәт әлем елдеріне көз жүгіртіп өтейік. Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы екен. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.
Гүлдер көбіне Эквадор, Колумбия, Кения мен Голландиядан жеткізіледі. Соңғы аталған елді әлемдік гүл нарығының хабы деп санауға болады. Өйткені Америка мен Африкадан әкелінетін өнімдер бірінші кезекте транзит арқылы Нидерланды арқылы дүние жүзіне таратылады. Қызығы сол, отандық гүл нарығында гүл көп болғанымен, бәсекелестік аз. Бірақ, ескерерлігі – гүл саудасын дөңгелетіп отырған мемлекеттер арасында Голландия гүлдерінің нарқы қашан да жоғары. Гүл нарығында қызғалдақтан кейінгі орынды голландиялық мамыргүл иеленеді. Себебі, Қазақстанға әкелінетін гүл шоғырының арасында мамыргүлдың үлесі өте көп. Мысалы елімізге өткен жылы 4 миллион көк қағазға осы гүл сорты сатып әкелінсе, 900 мың долларға раушан гүлі тасымалданыпты. Мамыргүлді ұзақ сақтауға болады. Оның гүл шоғы саналуандығымен баураса, ауа райына төзімділігі тағы бар. Сондай-ақ, раушан гүлі көрші Өзбекстаннан жеткізіледі.
«Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып, жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар көлемінде табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз.

Сөз соңы. «Қара жерге гүл өссе жарасадыны» сөзбен емес, іспен дәлелдейтін уақыт жеткен секілді.
Әлібек ТЕМІРБЕК.

02 сәуір 2019 ж. 1 244 0