№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаратаудың беткейі тербелген қырмызы – телегей-теңіз қызғалдақ…

Қаратаудың беткейі тербелген қырмызы – телегей-теңіз қызғалдақ…

     Қызғалдақтың адамға табиғат берген сыйын, үлбіреген гүлдерінің әдемілігін адам сұлулығын теңеуге қолданып, «қызғалдақтай», «қыр гүліндей» деп бейнелі сөзге арқау етті. Қызғалдақ – қырдың, көктеудің, маусымдық қоныстың сәні болды. Көктемде гүлдеп, қазақ даласын әсем бір күйге бөлейді.


    Қызғалдақ көктемгі жайылымның сәні болды, осыған орай «қызғалдақ жемеген қозы арманда, қыз құшпаған жігіт арманда» деген мақал қалыптасты. Қызғалдақ гүлі кілемдей жапқан қырда жайылған қойдың сүті қою, биенің сүті құнарлы болады. Қызғалдаққа жайылған мал сүтінен шайқалған май қызғылт сары болып түсетіні баршамызға белгілі. Дәстүрлі қазақ ортасында көктемде қызғалдақ гүлдеген соң шайқалған май қойылған дастарқанға ауыл әйелдерінің жиналып, шүйіркелесіп шәй ішетін «қызғалдақ май» деп аталатын көне дәстүрі болған. Ғұрыптық мәні бар бұл дастарқанның басты атрибуты қызғалдақты далада жайылған мал сүтінен шайқалған май еді. Бұл дәстүр бүгінде көшпелі тұрмыстық тарих сахнасынан кетуіне орай жойылып кеткенімен, тарихи санамызда қалды. Дәстүрлі түсінікте қызғалдақ әсемдік пен шаттықтың нышаны деп саналды.

 Мынадай қасиетті жердің кімнің де көз құртына айналары рас қой. Баяғы заманда бабаларымыз әрбір қадам жерді қасық қаны қалғанша қайсарлықпен қорғай білген де. Сол ұрыстарда бабаларымыздың қаны тамған жерге араға жылдар салып, батырлардың көз жасындай болып, қаны тамған жерге араға жылдар салып қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шығады дейді. Әуестеніп балалар жұлмаса, бұл қызғалдақтарды үлкендер үздірмейтін. Ерте көктемде жайқалып, көз жауын алып тұрады да жарықтық өзінен өзі түн ішінде ғайыптан ұшып кететін деуші еді… Жылдағы әдеті сол, ал қызғалдақ гүлдегенде Қаратау шіркін адам түсінбес ғажайып бір түрге енеді. Қызғалдақ көктегенде Қаратау ғажайып бір ертегідей түрге еніп, қайталанбас әшекей кейіпке еніп көз тартады, бусанып шерін шығарғандай толқып бір жатады дерсің.
  Қызғалдақ қауызындағы тамшылар мөлдірейді. Беткейдегі мың-сан қызғалдақ, сан мың тамшылар жанар қарықтырады.


Дайындаған Е.Райымбек.

14 сәуір 2019 ж. 1 666 0