Жастар жаңа кәсіпке бейім бе?
Кең байтақ Қазақстанның ұлан-асыр даласын игеріп, ел игілігіне айналдыруда алдағы күнге жоспарланған жаңа жобалар көп. Нақ қазіргі күндері түрен тимей бейқам жатқан бос жерлерді игеру бір ғана ұлттың емес, адамзаттың ортақ құндылығына айналғанда ел экономикасының экспорттық әлеуеті артып, аймақ халқының меншігіне телегей-теңіз табыс әкелері анық. Нағыз байлықтың кілті қолымызда тұр деп сеніммен айта аламыз. Тек осы меншігімізді өз дәрежесінде игеріп, кәдеге жаратуда әлемдік технологиялық үрдістердің үздік үлгісін меңгеріп алуға ұмтылуымыз керек.
Бұл ретте келешектің кілті - жастарға сенім арту заңдылық. Осы бағытта білімгерлерімізге мектеп қабырғасынан бастап жөн бағыт сілтеп, ақылды шешім қабылдауға баулуымыз қажет-ақ.
Жақында Америка ғалымдары елімізде болып, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы бағытында мамандар дайындауда Қазақтың ұлттық аграрлық университетімен меморандумға қол қойды.
Ортақ меншігіміз – жерден өнген өнім адамзатты асырайды. Осы бағытта ауыл шаруашылығына инвестиция құйылып экспорттық әлеуетіміз артса халықтың жағдайы еселеп артары бесенеден белгілі.
Міне осы игілікті мақсатта отандық ауылшаруашылық өндірісіне ІТ технологияларды тарту, енгізу, еліміздің аграрлық саласын инновациялық бағытта кешенді дамыту, ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану, ең бастысы, ауылшаруашылығына білікті мамандарды даярлау басты бүгінгі күннің мәселесіне айналды.
Туған жеріміздің түлегі, оқытушы ғалым Айткүл Абдіғаппарова аудан мектептерін аралап, әлемдегі аграрлық жоғары оқу орындары арасында бірінші орында тұрған Вагенинген университетімен сенімді әріптестік орнатқан отандық оқу орны – ұлттық аграрлық университеттегі соңғы жаңалықтарды таныстырды.
Ауыл балаларына айрықша жағдай қалыптасқан білім ошағындағы басымдықтарды баяндап, оқу-ғылыми инфрақұрылымымен жетік хабардар етті.
Оқу орнында 90 пайыз ауылдық жерден келген түлектер білім алатынын атап өткен ғалым бұл оқу орнындағы әлеуметтік қамқорлықтарға айрықша тоқталып, жаңадан тағы да 950 орындық жатақхана салынатынын айтты.
Оқу залында «100 жаңа оқулық» тізіміндегі әдебиеттермен қатар 100 электрондық оқулық үшін 21 млн. теңге жұмсалып отыр екен.
– Елбасының тапсырмасымен әзірленген, партияның 2020 жылға дейінгі "Бақуатты қоғам онжылдықтың 10 мақсаты" бағдарламасының өмірге келуі біздің жұмысымызға жарқын серпін береді. Алдағы он жыл біздің жастарымыздың да жаңаша біліммен қаруланып, жан-жақты мықты маман болып қалыптасуына шешуші кезең болмақ, - дейді ғалым бізбен әңгімесінде.
Баян ҮСЕЙІНОВА.