Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпорындарға қолдау көрсетілуде

Кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпорындарға қолдау көрсетілуде

Қызылорда облысында «Даму» Қорынан қолдау алған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары соңғы 3 жылда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Аталған қордың ұйымдастыруымен қаладағы кәсіпкерлік нысандарына баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері «Dalatex» тігін фабрикасы, «Жан-Арай» көпсалалы агроиндустриялық кешені және «Ainurs cakes» кондитерлік өнімдер өндірісінің жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен жүздесіп қайтты.
«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Сламханның айтуынша, аталған қор субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікті қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Субсидия құралының шарты бойынша кәсіпкерлердің несие мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет «Даму» Қоры арқылы өтеп береді. Нәтижесінде қарыз жүгі жеңілдеп, ай сайынғы төлемдер азаяды.
Баспасөз туры барысында журналистер барған алғашқы нысан «Dalatex» тігін фабрикасы 2016 жылы құрылған. Қызылорда қаласындағы өз фабрикасында ерлер, әйелдер және балалар жейделерін, арнайы киімдері, жұмыс костюмдерін және т.б. киімдер тігеді.
«Фабрика негізінен Қазақстан мен Ресей аумағында арнайы киімдер мен жейделер шығарады. Компанияға қажетті шикізатты Түркиядан сатып аламыз. Тұрақты тапсырыс берушілер қатарына ІІМ, МКК, Самұрық-Қазына Девелопмент, «Қазақтелеком» АҚ, сондай-ақ көптеген жергілікті, мемлекеттік органдар және т.б. кіреді», - деді «Dalatex» ЖШС-ның атқарушы директоры Нұргүл Кусаева.
28 қараша 2024 ж. 93 0