Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметтегі әдеп негіздері

Мемлекеттік қызметтегі әдеп негіздері


«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
      Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез-құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген. 
       Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы шыққан болатын. Жарлыққа сәйкес, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді.   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 8-тарауында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі көрсетілген.

Әдеп жөніндегі уәкіл  — қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.
       Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді, сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.
          Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес атқара алады және жұмыс қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға есеп беріп отырады.
Негізінен Әдеп кодексі бойынша азаматтар белгілі бір түсінік алу үшін не­месе әріптестердің арасында күрделі жағдайларды реттеуде және мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар бойынша Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінеді.
Ал мемлекеттік қызмет­ші­лердің жаңа әдеп ережелеріне сәйкес  Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі кеңес Қызметтік әдеп, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік қызмет реформасын қолдау бағыты бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл — жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.
           Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы,  әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады.   Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.
    Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлқы арқылы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында мерзімін, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай–ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қойды.  Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының нәтижелерін қарайды. 
        Стандарттың екінші түрі ол – арнайы стандарттар. Олар қызметшілердің мінез-құлық ережелерін өзге жағдайларда: қызметтен тыс уақытта, әріптестер арасындағы қызметтік қатынастар, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын белгілейді. 

Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Жаңақорған ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі                              Р. Ибрагим
28 қараша 2024 ж. 233 0