Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Колледж студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Колледж студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Кәсіптік білім берудің бастапқы сатысы – колледждер. Қызылорда облысында олардың саны - 16. Zoom конференциясы барысында орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен студенттерімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықовтың айтуынша, облыс халқының 83 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Олардың қатарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер бар. Студенттер мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдікті санатқа кіреді. 
Сондай-ақ, спикер егер студент МӘМС-те сақтандырылмаған болса, оқу орнының деканатына хабарласып, мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасына енгізуді талап ету керектігін атап өтті.
Конференция соңында спикер сұрақтарға жауап берді.
28 қараша 2024 ж. 355 0