№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «НҰР-ӘДІЛ» – ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ

«НҰР-ӘДІЛ» – ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ


«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет көрсету орталығы ашылып тұрғындардың құқығын қорғау бойынша сапалы қызмет ете бастады. Заң фирмасы азаматтық істерді жүргізуде жәбірленушінің құқығын қорғау бойынша соттағы өкілі. Оның ішінде, ақша мен жер дауы, алимент, ортақ мүліктерді бөлу қызметі кіреді.
Әкімшілік іс бойынша жол көлік оқиғалары, жол полиция қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзғаны жайлы толтырылған хаттамасына көңіліңіз толмаған жағдайда заңгерлік кеңес беруге «Нұр-Әділ» көмек бере алады. Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша кеңес беру, келісім шартқа байланысты арыз шағымдарды өңдеуге заң фирмасы құқылы.
Енді, істер бойынша қызмет көрсету орталығының жұмысына тоқталсақ. Алдымен, азаматтық іске байланысты мысал келтіре кетейін. Түркістан қаласында жер дауына байланысты мәселе туындаған болатын. Яғни, жер иесі сатып алған жеріне тұрғын үй салмақшы болғанында, екінші тараптан арыз түсіп, жер өзгенікі болып шығады. Сосын сотқа қатысып, жерді нақты өзіне қалдыруға заңгерлік көмек сұрады. Осы процеске қатысып, бірінші тараптың мәселесі оң шешілуіне ықпал еттік.
Әкімшілік істер бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Кент орталығында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан жаңа көлікке 1 200 000 шығын келді. Шығынға батқан көліктің бағыты дұрыс болып, екінші жақ кінәлі болғанымен екі тарап өзара келісімге келе алмай, заң аясында біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығына жүгінді. Оқиға болған жерде қос көліктің иелері сақтандыру полистерін қолыма тапсырды. Одан әрі іске кірісіп, тиісті құжаттарды жинап, жол полиция қызметкерлеріне болған оқиғаны сыздыртып, құжаттарды толықтырып, сотқа жолдадық. Аудандық сот шешім шығарып, нәтижесінде жаңа көлік иесі (Б.Майлин көшесі №37 үй тұрғыны Әділ есімді азаматқа) 1 272 000 ақша өндіріп берілді. Кінәлі болған автокөлік иесі өзіне бір жылға алған заңды сақтандыру полисінің арқасында қалтасынан қаржы шығарып шығындалмады.
Бұдан бөлек, 4-5 автокөлікке келтірілген шығынын сақтандыру компаниясы арқылы өндіріп бердік. Алайда, кейбір тұрғындар арнайы заң орындарына жүгінбей оқиға болған жерде қос тарап өзара келісімге келіп, шығынға батып жатады. Мұндай жағдайда, заңгерлік қызмет көрсету орталығының көмегін сүйеніп, қолда бар сақтандыру полисін тиімді пайдаланып, автокөлік иесі кінәлі болса да өз қалтасынан қаржыға шығындалмайтынын білуі керек-ақ. Өз тарпыңыздан кінәлі болсаңызда шығындалмауыңыз үшін жол полиция қызметкерін қайта шақыртып болған жол көлік оқиғаны сызбасын сыздыртып, көшірмесін алу керек. Бір ескерте кететіні, сақтандыру полисін алған кезде базаға тіркелгеніне көз жеткізген жөн. Себебі, көп сақтандыру полистері базаға тіркелмеген жарамсыз болып шығады. Мұндай жағдайда автокөлікке келтірілген шығын өтелмейді.
Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша да заңгерлік кеңес алуға да болады. Жақындарыңыз қылмыстық іс бойынша полиция бөлімшесіне күдікке алынса «адвокат» қорғаушыға жүгінген дұрыс. Егер жазған шағымыңызды дұрыс қарамай, шығарылған шешімге келіспесеңіз заң қызмет көрсету орталығына келуге құқыңыз бар. Мәселен, Шалқия кенті тұрғыны Қ.К есімді азаматша бірнеше заң органына жазған шағымы бойынша жауапқа қанағаттанбай біздің фирмаға жүгінді. Орталыққа келіп, келісім шартқа отырып, жазған шағымы бойынша өкілі болып, жан-жақты заң аясында зерделенді. Заңға сай аудандық сотқа шағымын жолдап, заңды шешімін тауып өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, қазір көп мәселе несиеге байланысты ушығып отыр. Осыған байланысты банктердің заңсыз әрекеттерін әшкерелеуге құқымыз бар. Яғни, заңсыз қосылған үстемақыны шығындалушы тарапқа қайта өндіріп береміз. Мұндай жағдай жиі кездесіп, оң шешімін тауып жатады. Банкіден алған несиелерініз бойынша қиындықтар туып жатса бізге келіп, кеңес алуға болады.
Тұрғын үй және жер құжаттарын заңдастыру бойынша да заңгерлік кеңес беріп, жұмыстар жасаймыз. Өз жерін кәсіпкерлік мақсатқа айналдыру, шаруа қожалық тағы басқа мәселелер бойынша да көмектесе аламыз.
Егер сіздерге біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығының көмегі керек болған жағдайда 8 (72435) 23-5-53, 8 702 264 77 37, 8 747 334 73 75 нөмеріне хабарласуларыңызға болады.

Дәулетбек ТҰРАБАЕВ,

«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет
көрсету орталығының басшысы.
(Куәлік серия 3309 №0002143, 19.05.2016ж.)
10 ақпан 2018 ж. 1 708 0