№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?


Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған жердің ауданы 202 миллион гектарды құрайды. 2015 жылдан бері елімізде 9 миллион гектар жердің игерілмей бос жатқаны анықталыпты. Мұның ішінде; 187 млн гектар жайылымдық жер бар. Соның 80 млн гектары қолданыста. Ал, 27 млн гектары деградацияға ұшыраған, яғни тозып, жарамсыз болып қалған.

Бағамдасақ, жайылымдық жердің шамадан тыс тозуы; шөл және шөлейт аймақтардың көбеюі, қала берді сол тозған жайылымның жетіспеушілігі малшы қауымның малын еріксіз көгендетіп отыр. Ал, көгендегі түліктің бүйірі шыға тоқ болмайтыны тағы бар. Енді міне, көктемнің алғашқы күні де келіп жетті. Көктемгі жайылым – бұл маңызды бас жайылым. Оның ерекшелігі, ол жерде малды екі жұмадан артық бағуға болмайды. Неге десеңіз, жер тез тақырланып қалады. Бірақ, бізде сол жайылымның өзі жетіспей жатыр шаруа қауымға. Сыр өңіріндегі төрт түліктің төрттен бірі біздің ауданда.
Белгілісі, Жаңақорған – бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Жазиралы жайылымы төрт түлікті түлетіп һәм төлдетуге таптырмайтын жер. Дала дидарының тұмса табиғатын осы қоныстан табасыз. Десе де, сенесіз бе? Дәл қазір аудан малшыларына 800 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді. Яғни, бүгінгіден екі есе үлкен жер керек. Мұндай көлемдегі жер тау беткейде боса да жоқ. Тек, Сыр беткейдегі «Қызылқұм» аумағын игеру жұмысы тұр. Алайда аталмыш аумақтың барлығы Орман қоры шаруашылығында. Алсаң, арендалық мақсатта теңгесін төлеп, жалға аласың. Аудандағы жайылымдық жердің ахуалын аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Қарақожаевтан білдік.
Оның айтуынша, өзге аудандарға қарағанда бізде шындығында жайылымдық жер тапшы.
– Бүгінгі таңда ауданның ауылшаруашылығы алқабының құрамы – 1,5 млн гектар жерді құрайды. Ал, шаруақожалық саны – 759. Осы қожалықтардың пайдаланып отырған жер көлемі – 325 227 га, оның ішінде жайылымдық жер – 251 940 гектар. Негізі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы бойынша жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсаты 1 бас малға шаққанда ірі қара – 13 га, қой мен ешкі – 2,6 га, жылқы – 15,6 га, түйе – 18,2 гектар. Бұл ең төменгі нормасы. Егер дәл осы нормамен аудандағы 245 мың бас малға шаққанда біздің шаруаларға 840 мың гектар жайылымдық жер қажет. Ал, ең жоғары көрсіткешпен есептесек, 193 мың гектар жер керек екен, – дейді Нұржан Қарақожаев.
Сондай-ақ мал басының жыл сайын өз төлі есебінен өсуі және олардан алынатын өнімдердің сапасы мен көлемінің еселеп артуын ескірген суландырылған жайылымдық жерлер қанағаттандыра алмағаны белгілі болған. Оған қоса, сала басшысы жерді мақсатты және мақсатсыз пайдаланып отырғандарды анықтайтын арнайы мониторингтік жұмыстар жүргізілетінін айтты. Ол – алдағы уақыттың еншісінде. Өздеріңізге белгілі, бірнеше жыл бұрын аудан бойынша жайылымдық жер мен суландырылған немесе жайылымның сумен қамтамасыз етілу деңгейін, оның жарамдылығы мен түгелдеу жұмыстарын айқындап алу мақсатында аудан әкімі өкімімен арнайы жұмысшы тобы құрылған болатын. Жұмысшы тобы жайылымдық жерлерге қажетті сараптама жасай отырып, тиісті қорытынды жасап, жұмыс жүргізді.
Осы тұста, «Тұртан ата» шаруақожалығының төрағасы Алшынбай Тұртанов ағамыздың өз айтары бар.
Алшынбай ағаның айтуынша, министрліктің бекіткен әрбір малға шаққанда 13 не 10 гектар емес, 7 гектардың өзі қанағат екенін жеткізді.
– Негізі мал басын көбейту аса қиын шаруа емес. Мәселе, жайылымдық жердің тапшылығында. Тау беткейде жайылымдық жер қалмады. Енді мына Сыр беткейдегі құмға қарай ығысып, «Орман» шаруашылығының жерін жалға алып, мал жайып жүрміз. 10 жылға арендалық мақсатта береді. Алайда, ол жерге 10 жыл ішінде қора, қойшыға үй салуға, суландыру жүйесін жүргізуге яғни, құдық қазуға болмайды. Сонда қаншама түлікті қалай игереміз, – дейді қожалық төрағасы Алшынбай Тұртанов.
Сондай-ақ шаруақожалық төра­ғасы жерді мақсатсыз пайдаланып отырғандарды анықтаудың 3 фак­торын атады. Бірінші, кез келген қожа­лықтың жері болуы шарт. Екінші, сол учаскеде салынған мал­шының үйі болуы тиіс. Үшіншіден, төрт түлігіне арналған қора-жайы. Төртіншіден, құдығы не жақын маңда өзен-көлден тартылған суландыру жүйесі болуы шарт. Осындай ша­ғын инфрақұрылымдық жағдай жаса­маған болса, ол жерді мақсатсыз пайдаланып отыр деген сөз.
Не десекте, аудан аграрлы аймақ­тың бірі болғандықтан жайылымдық жерге баса назар аударған абзал. Малшылар қауымы жиі мәселе етіп көтеріп жүрген Қызылқұм аумағын игеру онда суландыру жұмыстарын жүргізу күн тәртібінен түспейтіні айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.
03 наурыз 2019 ж. 2 002 0