№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚТАШЫЛАР СИЫР БАҒУҒА КІРІСТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚТАШЫЛАР СИЫР БАҒУҒА КІРІСТІ


«Асыл тұқымды мал шаруашылығында мол тәжірибе, еңбек етуге зор ынтасы болған Эльдар Әлиев 2016 жылы жеке кәсіп ашуды қолға алады. Шаруа қожалығын ескіше жүргізу – кешегі күн, сондықтан көп ойланбастан Зеленов ауданының фермері өндіріске жаңа технологияларды енгізді. Бұл туралы Массагет.кз сайты хабарлайды. Қазіргі таңда қожалықта екі электронды бақташы бар, енді өрістегі малды GPS арқылы онлайн бақылауға болады. Шаруа қожалығын кеңейтіп, ет бағытын игеру мақсатында Эльдар Әлиев «Бастау» жобасына қатысты. Шаруа жобасын қорғап, жеңілдікпен несиені «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы алды. «Алғаш рет несиелеуді пайдаланып отырмын. «Сыбаға» бағдарламасымен 30 млн теңге алдым, 19,5 млн теңгеге ірі қара малын сатып алу, 5,5 млн теңге трактор және 5 млн теңге жем-шөп дайындауға жұмсау көзделген. Несие мерзімі – 15 жыл. Жеңілдетілген кезең – 2 жыл. 12 млн теңгені маған жылдық 4 %-бен және 18 млн теңгені 14%-бен берді, оның ішінде 10%-ды мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы басқармасы 1 бас асыл тұқымды ірі қараға 225 мың теңге субсидия бөледі. Нәтижесінде 23 250 000теңге бөліп, жылдар бойынша пайыздар төлейді», – деді шаруа Эльдар Әлиев.
Асыл тұқымды мал шаруашылығында 15 жылдық тәжірибесі бар Эльдар бірінші кезекте мал бағуды жолға қойды. Оның жайылымдық жерлері жанында басқа шаруа қожалықтары орналасқандықтан, малдың көрші егістіктерін бүлдіріп, ауру малмен араласып, ауру жұқтыру қауіпі жоғары болды. Бақташы қаншалықты сақ болса да үлкен табынды басқару қиын, сондықтан шаруа электронды бақташыны қондырды. Құрылғы күн сәулесінен қуат алады, бұл тиімді, үнемді әрі қауіпсіз. «Қазіргі таңда 70 гектар және 230 гектар екі жайылым жерде екі электронды бақташы бар. Қондырғыларды Алматы мен Ресейден алдырттым. Жаңа технологиялар тиімділігі айтарлықтай. Мал қоршаудан тыс шықпайды. Бұған қоса сиырлар мен жылқыларға GPS орнаттым, енді телефон арқылы өрістегі мал бағытын бақылап отырмын», – деді кәсіпкер. Жаңа технологиялар шаруаға жақсы қолқанат болды. Мал тәулік бойы жайылымда, сәйкесінше артық күш жұмсамай мал өздігінен салмақ қосады. Қазіргі таңда шаруа қожалығының басшысы қысқа дайындық үстінде. Бір айдан соң Мордовиядан 30 бас абердин-ангус тұқымы келеді. Онда мал әзірге карантинге қойылған.  
24 қазан 2018 ж. 1 101 1

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 11:16
Buy Now Worldwide Finasteride Shop Kamagra Jelly For Sale cialis overnight shipping from usa Medicpills Priligy Vs Zoloft Tarif Cialis 20mg