«Жаңа әлемдегі әйелдердің рөлі» тақырыбында кездесу өтті
Жаңақорған аудандық әкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кентіндегі Арман мәдениет үйінде «Жаңа әлемдегі әйелдердің рөлі» тақырыбында мекемелер мен ауыл және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өтті.
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Іс-шараға Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреев, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева, әйелдер ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Ә.Қыстаубаева, Жаңақорған ауданының бас имамы С.Омаров, аудандық білім бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері, аудандық аурухананың меңгерушісі, ауданға қарасты ауыл және ауылдық округ тұрғындары мен аталған мекеме басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Аталған шарада гендерлік теңдік, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі сынды мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі Ғ.Әміреев алғы сөз алып, қазақ қоғамы үшін гендерлік саясат мәселесін ұлттың менталитетіне, елдік сананың ерекшеліктеріне қарай күштеп, таңып енгізу артық. Қазақ қоғамында ұлт мәдениетінде, салтында, дәстүрінде әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы орны ең алдымен отбасындағы орнын ең қадірлі санағанын айтып өтті.
Өз кезегінде Ә.Түбекбаева қазіргі қазақ әйелі-қоғам мен мемлекет көркі. Әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, халықаралық-дипломатиялық жұмыстарға, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отырғандығын, олар бар күш-жігерлерін аямай ерлермен бірге өз мемлекеті-болашаққа қадам басқан, азат та жарқын Қазақстан үшін аянбай еңбек етуде екенін айтып өтіп, отбасы-қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтынын, мүмкіндігіне қарай көмектесетінін, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейтінін, және қорғайтынын, отбасы құқығы бойынша неке- бұл ерлі-зайыптылыр арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатынын айта келе, 2017-2018 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес аудандық сотпен қаралған неке бұзу істеріне тоқтала кетті.
Біз ананың елге ететін еңбегін бағалауда да қателестік. Әр қыздың арманы ана атану болмағы шарт еді. Әйелдің қоғамдағы орны деген желеумен осы бір ұлы мақсатты да санамыздан сылап тастадық. Бала Шоқанды дана Шоқан еткен әжесі- Айғаным, бала Абайды дана Абай еткен әжесі-Зере екенін, әр ананың мақсаты Шоқан мен Абайдай асықтай ұлды тәрбиелеу болу керектігін «керексіз кәдедей» сананың бір түкпіріне тастай салдық деп айтты.
Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ән шашумен жалғасты.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі