Жаңақорған аудандық сотында «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие» тақырыбына семинар сабағы өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында 2018 жылғы 25 қыркүйек күні сот қызметкерлерінің қатысуымен «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева семинар сабақты ашық деп жариялап, – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіріп, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізіп, аудандық соттың жетекші маманы Б.Беркинбаевқа баяндама жасау үшін сөз берді.
Өз кезегінде Р.Беркинбаев, гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылатынын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді» деп тұжырымдауында үлкен мән жатқандығын, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде екенін, Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіретінін және оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылатынын айтып өтті.
Гендерлік саясат әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді деп қорытындылады.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық аудандық сотының баспасөз қызметі.