№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Ақылына ақы сұрамайтын - алтын қазына”

“Ақылына ақы сұрамайтын - алтын қазына”

85 жылдық тарихы бар білім ордамыз студенттерге сапалы білім берумен қатар, студенттерді рухани адамгершілік мәдениеті жоғары, еңсесі биік, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде қалыптастыру үшін игі жобаларды жүзеге асыруда.

Біз дүниетанымызды кеңейтетін, рухани жандүниемізді байытатын, еліміздің ірі білім және ғылым орталығы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушымыз психология ғылымдарының кандитаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сүлейменовна мен бірге "Ақылына ақы сұрамайтын - алтын қазына" атты ашық сабағымызды өткізген болатынбыз. Басты қарастырылған мәселеміз: "Қаз ҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап" жобасы аясында, яғни университетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың 2012 жылғыбастамасымен студенттерге қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру, студенттердіңмәдени және білім деңгейін көтеру, үздік жыл оқырмандарын тауып, оларды марапаттауды көздеген болатын. Оқытушымыз Жұбаназарова Н.С бүгінгі ғылым мен техниканың қауырт дамып, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды көркем шығармашылыққа, мұраға деген қызығушылықты қайта қалпына келтіру өзектілігі жайлы қысқаша баяндама оқыған болатын. Сонымен қатар, студенттердің білім деңгейін көтеру және қызығушылығын арттыру мақсатында "Қаз ҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітаптың" тізімін таратқан болатын. Студенттер "бір студент - бір кітап" марафонын ұйымдастырып, яғни бір кітапты - бір мерзімде оқу керек деген мақсат пен өзекті мәселелерді талқылап, оқуға тиіс 100 кітаптың тізімін ерінбей оқып шықты.Тағы бір қызықтыратын мәселе студенттеріміз белгілі тұлғалармен кездесу, дөңгелек үстел, әдеби - мәдени кештер ұйымдастыру, мәнерлеп оқу, шығармашылық іс - шараларға қатысу жайлы өз ұсыныстарын айтты. Кітап арқылы білімге ғана жол ашып қоймай, жаңа идеяларға кілт табу, рухани және материалдық құндылықтарға қолжеткізу, олармен сусындап өсу біздің басты міндетіміз.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Жұбаназарова Назираш Сүлейменовна
 Биология және биотехнология факультеті
Биотехнология мамандығы, 3 курс студенттері
Бт 16-07
25 ақпан 2019 ж. 1 489 0