№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәліметінше, 2019 жылға тегін дәрі-дәрмек үшін сатып алынған дәрілер мен медициналық бұйымдардың жалпы саны – 1144. Оған дәрілердің 829 атауы мен 315 медициналық бұйым кіреді. Министрліктің дерегінше, 550 өнім түрін амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар, 45-ін диспансерлік есепте тұрғандар ала алады. Елімізде халықты дәрімен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем шеңберінде жүзеге асады. Амбулаторлық кезеңде дәрілерді беру тегін, ал тізбе негізінде амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бекітілген дәрігердің рецепті бойынша жүргізіледі. Ендігі кезекте тегін дәрі-дәрмекке кімдер қол жеткізе алады? Қандай науқас түрлеріне ақысыз дәрі алуға болады? Бұл сұрақтың жауабын аудандық емхананың провизоры Сайлау Түгелбайұлынан білдік.

Сайлау Артықовтың айтуынша, амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы керек. Яғни, ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет. 2018 жылы 7455 диспансерлік есепте тұратын науқас рецепт арқылы ақысы дәрі-дәрмекке қол жеткізген.
– Аудан бойынша 2018 жылы «СК Фармация» ЖШС арқылы 7455 диспансерлік есепте тұратын науқасқа 20 247 рецепт жазылып, 207 134 347 теңгенің дәрілік заттары «Экофарм»ЖШС арқылы босатылды. Ал, 2019 жылы амбулаториялық науқастарды тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге «АЛО» бағдарламасына 387 млн. теңгенің дәрі дәрмегі ай айға бөлініп, диспансерлік есепте тұратын науқастарға рецепт арқылы босатылады. Дәрі дәрмекті босату тәртібі «СК Фармация» ЖШС арқылы облыстық «Экофарм» серіктестігі арқылы рецептпен «ИСЛО» бағдарламасы негізінде диспансерлік есепте тұратын науқастарға дәрігердің тағайындауымен босатылуда, – дейді Сайлау Артықов.
Сондай-ақ провизор маманнан қандай ауру түрлеріне ақысыз берілетін дәрілердің тізімін білдік. Бірінші кезекте, ересектер тобының тізімін атасақ. Психикалық жүйке аурулары, жүрек-қан тамырлары ауруы, созылмалы бронхит, пневмания, ағза мүшелерін ауыстырған науқасқа, асқазанның ойық жарасы, бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне, онкологиялық қатерлі ісік ауруларына, бауырдың гепатит созылмалы В, С түрлеріне, өкпенің демікпе науқасына, жүректің созылмалы жетіспеушілігіне, сүйек буын ауруларына және де гемотологиялық, неврологиялық ауру түрлеріне тегін дәрі дәрмек беріледі. Ал, дүниеге келген әрбір сәбиге медициналық дәрі қобдишасы, 18 жасқа дейінгілер пневмония мен анемия болған жағдайда, жүктілік кезеңіндегі созылмалы қан жетіспеушілігіне байланысты ауру түрлеріне тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі екен.
Оған қоса, өткен жылы жаңа емдік препараттар қатарына ВИЧ ауруына, туберкулез және ағзасын ауыстырған науқастарды оңалтуға қолданылатын дәрілер қосылған.
– Сонымен қатар, ауыл-аймақтағы тұрғындарға арнайы курста оқытылған мейірбикелер арқылы таратылады. Тағы бір жаңалық. Өткен жылдан бастап Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде онлайн сайт іске қосылды. Бұдан былай, диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпаратты бірыңғай дистрибьютор сайтының «2019 жылға АДҚ бойынша ақпарат» деген бөлімінен көруге болады. «СК-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы қажетті мәлімет таба алады. Яғни, ашықтыққа негізделген ғаламтор сайтында пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғымен қоса, өзге де қажетті ақпараттарды алу үшін шұғыл байланыс телефонын орнатқан. Түптеп келгенде, мұның бәрі мемлекет қамқорлығының бір ғана айшықты көрінісі, – дейді аудандық емхана провизоры Сайлау Түгелбайұлы.
Сонымен қатар, ақпарат ретінде айта кету керек, 2019 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмекке бағаларды реттеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы жақында ғана Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша, биылдан бастап барлық дәрі-дәрмекке бағаларды реттеу жүйесі әзірленіп, оны іске қосу және дәрі-дәрмекті қатаң қадағалау жүйесі енгізіледі.
Қорыта айтқанда, қазына қаржысы барлық тұрғындарды ақысыз дәрімен қамтамасыз етуге шамасы келмейді. Оған қоса, дәрілердің басым бөлігі өзге мемлекеттен сатып алынады. Сондықтанда, ауырып, ақысыз дәрі іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын серік еткен абзал.

Әбдісамат ӘБДІШ.

05 ақпан 2019 ж. 1 563 0