ТІЛІҢДІ ТЫЙСАҢ, ТАЛАЙ ПӘЛЕДЕН ҚҰТЫЛАСЫҢ...
Өмір болған соң біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсыз сөз айтылғанына куә болып, түрлі жағдайларды басымыздан кешіретініміз бар. Бірде қуансақ, енді бірде ренжіп жатамыз. Кейде кейбір жайттар жанымызды жаралап, ұзақ уақытқа дейін есімізден кетпей жүреді.
Айтайын деген ойым, біреу туралы «сыбыс» ести қалсақ оны басқа біреуге айтуға асығатынымыз рас. Мұны естіген адам сізді бірден тыйып тастаса жақсы ғой. Керісінше, әңгімеге әңгіме қосып, «самарқанды су алдырып» жатады. Әрине, бұл ұлттық танымға да шариғатқа да сай келмейтін әрекет. Яғни, өсек (ғайбат) айту – үлкен күнә. Абзалы, бұл әдетті қойған дұрыс. Бірақ анығында күнделікті өмірде біз өсектің қалай басталғанын, оның немен аяқталғанын аңғармай да қалатынымыз тағы бар. Осылайша, адам мен оның бойындағы бар нәрсені ғана айтып жүрмін деп өзін ақтап, өсек айтуын жалғастыра берсе, үлкен күнә жасағаны былай тұрсын, кейін оған қанша тәубе етсе де, әлгі ғайбатталған адам оны кешірмейінше Алла Тағала оны кешірмейді екен. Бұл жөнінде жақында құдайы асқа барғанда имамның насихатынан естіген едім.
Жасыратыны жоқ, арамызда біреудің кемшілігін айтып, өзін ақылды көрсеткісі келетіндер бар. Расында, бәзбіреулер бір адамның қателігін айтса, өзін ақылы көп адамдай сезінеді. Немесе, ақылды екен деп ойласын деп осы қадамға барады. Шынында, бұл нағыз ақымақтық. Нағыз мұсылман біреудің бойынан кемшілік көрсе, қайта ол адамның кемшілігінің орнының толтырылуы үшін дұға етеді. Бастысы, өсек таратудың қаншалықты күнә екенін ескеріп, ұмытпауымыз керек.
Ендеше, жел сөз айтпайтындай қалыпқа еніп, табандылық танытыңыз. Сонымен қатар, өсек тыңдап, оны өзгеге жеткізуден аулақ болған абзал. Егер де сөз біреудің мінін талқылауға түсіп кетсе, әңгімені басқа арнаға бұруға тырысыңыз. Қасыңыздағы адам қауіпті әңгімелерді бастап жатса, өзіңізді және серігіңізді өсек дейтін ауыр күнәдан қайтарыңыз. Егер де жаныңызда жоқ бір кісі туралы айтқыңыз келсе, онда оның жақсы жақтарын ғана айтыңыз. Сонда көңіліңіз тоқ, уайымыңыз жоқ болады.
Қандай жағдай болса да ашуға берілмей, уайымға салынбай, күйгелектенбей адам өзін сабырлыққа шақырса ұзақ өмір жасары анық.
Қазір ғаламтор арқылы ғайбат, өсек жаюдың түрлері дамып кеткен. Таныс па, бейтаныс па, ол жағы маңызды емес, әйтеуір жамандаса болғаны. Сонда халқымыздың көнеден қалған сөз мәдениеті, әдет-ғұрпы, мейірімділігі, еліне деген жанашырлығы жоғалып бара жатқаны ма? Ең сорақысы, дағдыға айналған өсек пен өтірікке толы пікірлерді жас та, жасамыс та оқиды. Жамандығын жасырып, жақсылығын асыратын, үлкенге құрмет, кішіге ізет қылатын халықтың ұрпағы едік. Әйтсе де, осы заманда өзгенің кемшілігін әлеуметтік желіге салып, ғайбат пікірлер жазып, өзіне ұпай жинайтындар көбейіп келеді. Әлеуметтік медиа біздің күнделікті өміріміздей болып кеткендіктен, ауызбен айтқанмен, ғаламтор арқылы тарату екеуі бір нәрсе. Кең арнамыз тарылып, аласұрған заманда артық қимыл жасаудың өзі қиынға соғып тұр. Қанша жерден бүркеншік ат жамылып таратсаңыз да Алла бәрін көруші.
Түйіндейайтқанда, осылардың бәрі онсыз да қиын хәлімізді одан сайын мүшкілдете түсетінін бір сәт ойлағанымыз жөн. Асыл сахабалардай, сөз оразасын ұстап, тіліміздің астына тас салып, амал етпесек те, ғайбат сөзден тыйылуға тырысуымыз – борыш. Ең бастысы, ғайбат айтудың үлкен күнә екенін естен шығармасақ игі.