АДАМ ДҮНИЕДЕН ОЗСА ДА, АРТЫНАН САУАП ЖОЛДАП ТҰРАТЫН 3 АМАЛ
Пайғамбарымыз ﷺ: «Адам баласы дүниеден өткеннен кейін оның барлық амалдары тоқтатылады, тек үш амалынан басқа», - деген. Яғни сіз бұрынғыдай ақыреттік қоржыныңызға сауаптың азығын салып тұратын ешқандай амал жасай алмайсыз. Бірақ мына 3 амал сіз дүниеден өткеннен кейін де артыңыздан сауап жолдап тұрады. Олар:
Бірінші: үздіксіз садақаңыз. Бұған өзіңіз өлгеннен кейін де кейінгілер іске жаратып, пайдасын көретін дүниелер жатады. Мысалы, мешіт салу, бір оқу орнының құрылысына көмектесу, ағаш өсіру, құдық қазу, көпір орнату, т.б жатады.
Яғни сіз өмірден өткеннен кейін де сіз қазған құдықтан талай адам шөлін қандырады, сіз еккен ағашты біреу паналайды дегендей.
Екінші: басқа адамдар қолдана алатын ілім. Яғни мұраға қалдырған кітабыңыз, балаларға айтқан өсиет, ақылыңыз, біреуге үйреткен біліміңіз, т.б
Үшінші: сіз үшін артыңыздан дұға жасайтын балаңыз.
Яғни Алла Тағала баласының жасаған үздіксіз әрі ықыласты дұғасы үшін оның ата-анасын мейіріміне бөлеп, олардың дәрежесін көтеріп қояды екен...
(Муслимнен жеткен хадис)

Пікір 2