Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ӘНҰРАНДЫ БІЛМЕГЕНДЕР ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛАДЫ

ӘНҰРАНДЫ БІЛМЕГЕНДЕР ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛАДЫ


Ташкентте Crafers кондитерлік фабрикасының жұмысшылары Конституция және Өзбекстан тарихынан сынақ тапсырды.
Емтиханнан өтпегендері енді жұмыстан шығарылуы мүмкін, – деп жазады Centralasian.org.
Сынақ барысында әрбір жұмысшыға 15 сұрақтан қойылған, олардың көбі Конституцияға, Өзбекстан әнұраны мен туына қатысты болыпты.
– Әнұранды жатқа айтуымды сұрады. Қарапайым жұмысшыларды осындай сынақтан өткізе ме? – дейді зауыт қызметкері.
Емтихан тапсырған 700 жұмысшының жартысын қысқартады екен. Яғни, сынақтан өткендері қалады, өте алмағандары жұмыстан шығарылады.
Фабрика өкілдері жұмысшыларды сынақтан өткізгенін растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.
01 ақпан 2019 ж. 868 0