№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАТТАНДЫ ҰРАННАН АРЫЛЫП, НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛСЕ

ЖАТТАНДЫ ҰРАННАН АРЫЛЫП, НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛСЕ

Мемлекет әсіресе, креативті жас буыннан көп үміт кетеді. Әрі оған қамқорлығында аяған емес. «Жастар жылында» аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыруда жалынды жастарға жүктелер жүк жеңіл еместігі айқын.

Десе де, ең бастысы – 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды ұраннан құрылмай, жастардың нақты өзекті мәселелерінің шешімін табатын жыл болса игі. Әсіресе, жастардың жаңашыл идеялары қолдау тапса. Бұл бағытта ауыл әкімі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы», аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс жасауды үдетеміз. Сәтін салса, Қандөз ауылында кәсіпкерлікке ынталы жастарды тарта отырып, сән салоны мен тігін ательесін ашуға мүмкіндік бар. Биыл осы бағытта қолында өнері бар қыз-келіншектерді үйлестіре отырып, бизнес-жобасын жүзеге асыруға жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда үйде бала күтімімен отырған келіншектермен сөйлесіп қойдық. Екеуі тігін шеберханасы, біреуі сән салонын ашуға ынталы. Ауылда сән салонына сұраныс бар. Себебі, біздегі тұрғындар шаш қысқарту не әйелдер кісілер бет әрлеу үшін Түркістан асып жатады. Түрлі мерекелік шараларда шаш бояйтын және бет әрлейтін мамандарды аудан орталығынан шақыртып жатады. Ал, осының бәрін өзімізде ашсақ, кәсіпкерлерден түскен салық ауыл экономикасының гүлденуіне жұмсалар еді. Міне, осындай жобаларымыз «Жастар жылында» қолдау табады деген сенім мол.
Жалпы, бұған дейін де биік мінберлерден қоғам өкілдері тарапынан Жастар жылында қандай мәселелер алға шығуы керек екеніне қатысты көптеген ой-пікірлер айтылды. Мұның нақты жауабын Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатында айтты. Яғни, Президент: «Біз Жастар жылын жайдан-жай жариялаған жоқпыз. Біз жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жастарды қолдауға арналған қарапайым және түсінікті құралдардын әзірлеуіміз керек. Бұл дегеніміз 4 нәрсе: қолжетімді сапалы білім, жұмыс пен баспананың болуы, отбасы құруға жағдайдың болуы. Осы төрт нәрсе өте маңызды, бұған жастар мен мемлекет назар аударуы тиіс», – деген болатын.
Осы тұста, жеке пікірім ауылдағы жас отбасы институтын нығайтуға назар аударған жөн. Биыл «Жастар жылы» аясында жас отбасыларға айрықша көңіл бөлінсе. Мәселе оларға деген әлеуметтік қолдаумен қоса, отбасылық бизнеспен айналысып кетуіне жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылса. Әрине, ауылдағы жастар егін және мал шаруашылығына бейім. Десе де, тың идеяларда жоқ емес.

Сымбат БАЙАРЫСТАНОВА,
Қандөз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы.

30 қаңтар 2019 ж. 735 0