№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖАСТАР ҮЙІ» АШЫЛАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖАСТАР ҮЙІ» АШЫЛАДЫ



2019 жыл Елбасы Жарлығымен «Жастар жылы» деп қабылданды. Бұл біздер үшін үлкен қолдау. Президенттің жастармен кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдағаны біздерге серпінді серпіліс берді. Креативті жастарға жігер сыйлады.

Әрине, бұған дейін мемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен және тұрғын үймен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Биыл атаулы жыл аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар. Оның қатарында; Жастарды табысты әлеуметтендіру үшін қажетті инфрақұрылым құру қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Екінші, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Үшінші, Бұқаралық спортты дамыту жастарды еңбекке ынталандыру, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау қаржы сауаттылығын арттыру және жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту. Төртінші, жас отбасыларды қолдау құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Бесінші, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу дарынды жастарды дамытуға қолдау көрсету жастар медиаресурстарын дамыту және қоғамдық пікір көшбасшыларын, блогерлерді, вайнерлерді мемлекеттік жастар саясатын жария етуге кеңінен тарту.
Сондай-ақ аудан көлемінде жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында гранттық жоба әзірлеу, аудандық бизнес-жобалар байқауы өткізу, NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу және өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында «Үйрен» жобасын ұйымдастыру. Оған қоса, «Сиқырлы SMM» ауыл жастарына интернет бизнесті, әлеуметтік желідегі дұрыс жарнаманы жүргізуді үйрету «Жаңа толқын 100+» стартап жобалар байқауы сынды жас буынға мотивация беретін маңызды шараларға басымдық беруді жоспарлап отырмыз. Ең бастысы кенттен орталықтандырылған «Жастар үйін» ашуға жұмыс жасап жатырмыз. Жастар жылында осы жобамыз қолдау тауып кетсе, құба-құп болар еді. Жасыратыны жоқ, біздің орталыққа жастар көбіне жұмыссыздық мәселесін алға тартып келеді. Оған қоса, жаңадан кәсіп ашу үшін жолдарын сұрайды. Орталық мамандары алдына келген жастарға барынша ақпараттық кеңестерін айтып, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне және аудандық кәсіпкерлер палатасына жолдаймыз. Әрине, аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы 23 000 жасқа мекемедегі 3 маман қызмет көрсетуде. Егер «Жастар үйі» ашылып, тынысымыз кеңейіп жатса, штат мәселесі де шешімін тауып қалар.

Әкімбек ӘЛІБЕК,
аудандық «Жастар ресурстық
орталығы» КММ-нің директоры.

30 қаңтар 2019 ж. 839 0