№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 4-ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ: әкімдердің іскерлік деңгейі қандай?

4-ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ: әкімдердің іскерлік деңгейі қандай?

2018 жылдың 1-қаңтарынан халық саны 2 мыңнан асатын елді мекендерде 4-ші деңгейлі бюджет енгізілді. Яғни, ауылдық округ әкімдері өз қазанына өзі иелік етіп, әлеуметтің әлеуетін арттыруы тиіс. Мемлекеттік басқарудың бұл механизмін әкімдер толыққанды игере алды ма? Әкімдердің белсенділігі қалай? Мәселелерді қаншалықты шеше алды? Осы сұрақтарға аудан әкімдігінің мәжіліс залында жауап алдық.
Айта кетерлігі, 2020 жылы бұл норма барлық елді мекендерде күшіне енеді. Сондықтан, семинар-кеңеске екі кент пен 2 мыңнан астам тұрғыны бар тоғыз ауылдық округ әкімдерінен бөлек сала басшылары қатысты. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі және шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне беріледі. Нақтылай айтқанда, салық және салықтық емес төлемдер, яғни табыс көзінен алынбайтын жеке табыс салығы, жеке және заңды тұлғалардан түсетін салық түрлері мен елді мекендер жерлері үшін жер салығы, сондай-ақ, төлемдер мен ауыл әкімдері салатын айыппұлдар, коммуналдық объектілерді сатудан түскен кірістер және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер де жаңа жүйеге енеді.
Сонымен, аудандық қазынашылық бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жиынның күн тәртібіне енгізілген негізгі тақырыпқа ойысайық. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков алдымен жиынға түсіндірме жұмысын жасады. Одан кейін, аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары Дәулет Жамантаев түсіндірме жұмысын толықтыра кетті.
– Заң қабылданды, ендігі бағыт осы жаңа бағдар бойынша сапалы қызмет ете білу керек. Ең бастысы, кент не болмаса әрбір ауылдық округ өзіне жүктелген міндеттемені уақытылы орындауы тиіс. Әсіресе, салық түсімдері мен бюджетпен бекіткен қаржыны орынды игеру талабы бар. Сондықтан, әрбір мәселенің байыбына қарап, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасаған абзалырақ болады, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Келесі кезекте жаңа жүйенің кірістері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «талдау, есептеу және салықтық бақылау» бөлімінің басшысы Талғат Мұстафаев хабарлама жасады.
Енді 2018 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталсақ. Бұл бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Рүстем Ибрагимнің баяндамасы тыңдалды.
– ҚР Бюджет Кодексінің 73-1-бабында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу айқындалған. Онда кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджет жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен кешіктірмей ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсынады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған бюджеттердің жобаларын ауданның бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Сондықтан, бюджеттердің жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15-қазанынан кешіктірілмей аяқталатынын ескертеміз. Ал, олардың бюджеттері туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінін ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарымен бірлесіп әзірлейді. Бюджет бекітілген соң ауыл әкімдері іске асыру туралы шешім шығарады, орындау округ әкімі аппаратына жүктеледі, – деді сала маманы.
Биылғы жылдан бастап  ауылдық округтердің әкімдері 1 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтыдамыту бағдарламаларын жасады және оныжергілікті қоғамдастық жиынында талқылап бекітті. Енді әкімдер де, бюджетті жоспарлағанда ауылды абаттандыру, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз етуде, бір сөбен айтқанда, ауылдың өмірін жақсартудағы басқа да жұмыстарды атқарудағы қажеттіліктерін іске асыру мүмкіндігі туады. Демек, ауыл әкімі мен қоғамдастықтың тығыз байланысы енді нығая түседі деген сөз.
Одан әрі бюджет бойынша түсімдер мен оның атқарылуы жайында аудандық қаржы бөлімінің «Бюджеттің атқарылуын бақылау және қорытынды талдау жасау секторының» меңгерушісі Мұрат Абибуллаев баяндама жасады. Хабарламаға да қысқаша шолу жасайық.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 1271229,0 мың теңге субвенция мен трансферттер аударылыпты. Ал, әрбір ауылдың өз кірістер бөлігінде бөлінетін субвенция мен трансферттерді қоспағанда, биылғы жылдың 1-шілдесіне дейін 31012,7 мың теңге жоспарланып, жоспар толық орындалмаған. Яғни, орындалу пайызы – 91-ді құрады. Осалдық танытқан Жаңақорған мен Шалхия кенті және Келінтөбе мен Сүттіқұдықты атап кетуге болады. Егер түсімдердің орындалмауы қайталана беретін болса, жыл соңына қарай кассалық алшақтықтың туындайтынын ұмытпаған жөн екенін ескертеді жауапты мамандар. Бірақ, бұл жағдай тек ауылдардың өздеріне тиесілі салықтық немесе салықтық емес түсімдер есебінен жасалатын шығыстарға әсер етеді.
Жоғарыда көрсеткен төменгі көрсеткіштер жергілікті тұрғындардың салықтық немесе салықтық емес түсімдерді төлеу кезінде салықтық аймақтарды дұрыс таңдамауынан және реквизиттерді дұрыс көрсетпеуінен туындайды. Бұл өз кезегінде тиісті ауылдық округтер аймағына түспей ауданның кірістеріне түсетіндігі белгілі. Жиында соңғы болып баяндама жасаған Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Гүлназ Алтынбекова осы жағдайды түсіндірді.
Оның сөзіне қарағанда жоғарыдағы мәселенің туындауына байланысты кенттің түсімі күрт төмендеген. Дегенмен, жұмыс жүйелі жүзеге асырылуда. Енді олар Қазпошта мен Салық басқармасына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Бас маман баяндамасында мүлікті сату, жалдау, келісім шарттар жасау секілді жұмыстар атқару үшін жауапты маман қажет екенін тілге тиек етті. Расында, арнайы маманның болмауынан түрлі жағдайлар орын алуда.
Қорыта айтқанда, төртінші деңгейдегі бюджетін құру әкімдерге жергілікті маңызы бар қажетті мәселелерді шешуге және жергілікті қоғамдастықтың елді мекендердің дамуына бағытталған мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік туғызды. Сондықтан, Заң қабылданды, енді нақты іске көшетін уақыт жетті. 
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
21 шілде 2018 ж. 5 124 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 03:01
Msm Propecia Amoxicillin Making Me Feel Spacy Kamagra Singapore cialis Levitra Mit Rezept Priligy 30 Preis Bentyl With Free Shipping In Internet Overseas Pharmacy

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 04:00
Priligy Generico In Farmacia cialis Best Price For Viagra Brand Levitra 20mg Best Price Viagra Rezeptfrei Mannheim