№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты Жаңақорған кентіндегі №3 мектеп интернатында көшпелі сот отырысын өткізді

Жаңақорған аудандық соты Жаңақорған кентіндегі №3 мектеп интернатында көшпелі сот отырысын өткізді

 
Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков 2 мамыр 2018 жылы Жаңақорған кентіндегі №3 мектеп интернатының акт залында көшпелі ашық сот отырысын өткізді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі сот отырысына жоғарғы сыныптағы мектеп оқушылары  қатыстырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша, құқық бұзушы П. 25 сәуір 2018 жылы сағат 17:00 шамасында Жаңақорған теміржол вокзалының перронында, яғни қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылық құқық бұзушылыған жасаған.
 Сот отырысында құқық бұзушы П. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, өзінің материалдық жағдайын ескеріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 Сот қаулысымен құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған салынатын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 8 418 теңге айыппұл салынсын.
  Көшпелі сот отырысы аяқталғаннан кейін Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, осы қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты түсіндірме жүргізіп,  өзара пікір алмасты. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
10 мамыр 2018 ж. 1 090 0