№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 2018 ЖЫЛ: ӨЗ САЛАСЫНЫҢ «ЖАС ҮЗДІКТЕРІ»

2018 ЖЫЛ: ӨЗ САЛАСЫНЫҢ «ЖАС ҮЗДІКТЕРІ»

Бұл жолы "Жаңақорған тынысы" газетінің алқасы әр саланың білікті, әрі жас мамандарын ілмекке ілді. Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Сондықтан, біз бүгін 2018 жылы төл басылыммен тығыз қарым-қатынаста болып, белсенді болған аудан жастарын назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен кеттік...
1. Алдымен мәдениет саласынан бастасақ. Әрине, бұл бөлімде жас, әрі талантты жастар көп. Дегенмен, біз бұл тізімнің көшіне Тоқтар Әжімұратовты лайық деп таптық. Аудандағы рухани-мәдени және саяси кештерді жүргізіп жүретін Тоқтарды жаңақорғандықтар жақсы таниды. Әртіс, әнші, әрі асаба ол үшін биылғы жыл табысты болды. 

2. Енді спорт саласына ойыссақ. Қандай жетістік болмасын бізбен бөлісіп, спортышлардың еткен еңбегін елге танытуда белсенді қызмет жасап жүрген жастың бірі – Назерке Мырзабаева. Өз саласының үздігі деген атқа лайық болуының бірден-бір себебі осы. Біз Назеркеден бұдан да биіктікті күтеміз...

3. Ғабиден Шеңгелбаев. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. Төл басылыммен тығыз байланыста болып, әрқашан қызметіне жауапкершілік танытып жүретін Ғабиденді біз бүгін жас мамандардың қатарының үздігіне қостық.

4. Жалпы, Жаңақорғанда ауылшаруашылық саласының дамуы өте қарқынды. Дала диқандарының еңбегі зор десек болады. Олармен үнемі байланыста болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап жүретін, бір сөзбен айтқанда жас болса да іскер қызметкердің бірі – Дәурен Абибуллаев. Ол аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы.

5. Мейіржан Тұрғанбекұлы. Сот саласында қызмет ететін жас қызметкердің асар биігі алда деп білеміз. Өз саласына ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын Мейіржанды біз құқық саласының үздігі деп таныдық.

6.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жас қызметкері Санжар Нұржановты біз үздіктер тізіміне енгіздік. Халықтың әлеуметтік жағдайының тұрақталуына жомарттық танытатын азаматтар мен тұрғындардың арасындағы байланысты орнатуға себепкер болатын жастың бірі. Яғни, қызметі сондай.
Міне, біз бүгін жас мамандарды сіздерге ұсындық. Келер жылы олардың қатары өсетініне сенімдіміз. Бізбен болыңыздар...
01 қаңтар 2019 ж. 2 737 0