№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2018 ЖЫЛ: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР

2018 ЖЫЛ: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР

Біз қайта оралдық. Бұл жолы ит жылында бапкерлік қызметті жақсы атқарға жас болса да, жалынды жаттықтырушыларды назарға ілдік. Сонымен...
1. Төрге жайғасқан бапкер - Аслан Нұрқожаев. Себебі, ол баптаған жас балуандар бүгінде әлемдік додаларда елдің мерейін үстем етуде. Биылдың өзінде белбеу күресінен алтыннан басқа жүлдені еншімізге жазған соның шәкірттері. Диана, Арайлым, Сағындық сынды саңлақтар жуырда ғана олажалы оралған болатын. Сондықтан, біздің тізімде Аслан бас жүлдеге ие болды. 

2. Екінші орынға Дінмұхаммед Абайхан жайғасты. Әлемдік ареналарда төрешілік қызметті жақсы атқарып жүрген Димаштың шәкірттері де республикалық және Халықаралық турнилерде жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Біз ауданда енді еңсесін тіктеп келе бокстың болашағынан үлкен үміт күтеміз. 

3. Қолаға Құнанбай Салыбеков лайық деп танылды. Оның ізбасарлары облыстық додаларда топ жарып жүрсе, екі қызы Сыр намысын, бір қызы, Яғни Жанерке Сейітқасым гадболдан ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Жалпы, Құнанбайдың еңбегі өте зор. Сондықтан, біз білікті бапкерден одан да биіктікті күтеміз. 

4. Бұл тұғырға еркін күрес жаттықтырушысы Айдар Әбенов көтерілді. Ол биыл табысты қызмет етті. Оның әсіресе бұрымдылары ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бану шәкіртінен тек Сыр өңірі емес, Қазақстан халқы үлкен биіктікті күтеді. Оған Айдар шәкіртінің қабылеті жетеді.
Міне, біз бүгін төрге шыққан төрттікті анықтадық. 2019 жылы жастар жылы деп жарияланды. Енді біз бұл бапкерлерден көп үміт күтеміз...
31 желтоқсан 2018 ж. 1 452 0