«ҮЗДІК тәртіп сақшысы»
Жаңақорған ауданының полиция бөлімі «Үздік тәртіп сақшысы» номинациясына лайық деп көші-қон қызметі тобының аға инеспекторы, полиция капитаны Ғани Төлешовты тапты. Әрине, мұны бізде қолдап, қолпаштадық.
Ол бұл салаға 2011 жылы келген. Оған дейін Кейден ауылында төрт жыл әкімдікте, одан кейін Әділет басқармасында да қызметте болды.
Жоғарғы білім бойынша Қазақ Академиялық университетінің заңгер мамандығын бітіріп, Отан алдындағы борышын өтеген Ғани Төлешовті аудан тұрғындары жақсы таниды.
Қандай саланың болмасын өзіне тән жүгі болатыны белгілі. Әсіресе, құқық қорғау саласында еңбек етудің өзіндік ауыртпалығы бар. Осындай жауапкершілігі мол, әрі халыққа қызмет қажыр-қайратты қажет ететін салада жүрген кейіпкеріміз төл басылыммен тығыз байланыста. Заңға енген өзгерістер, басқа да құнды құжаттарды газет бетіне ақпараттандыруға үлес қосып келеді. Сондықтан, биылғы жылға құқық қорғау саласы мен редакция алқасы Ғани Төлешовты үздік деп тапты.
Ғани ТӨЛЕШОВ,
аудандық көші-қон қызметі тобының аға инеспекторы.