№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сергелдеңге салған сегіз ойыншық

Сергелдеңге салған сегіз ойыншық


Елбасының биылғы Жолдауында аурудың емдеу жолын емес, ауырмайтын жолын іздеуді тапсырды. Осы тұста балалардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін ойыншықтардың зиянын айта отырып, оларды қалай пайдалану керектігін сөз етсек. Әрине, ойыншық ойнау арқылы бала айналаны танып, қалыптасады. Алайда, балаға пайдасынан қарағанда зияны шаш-етектен болатын ойыншықтар да кездесіп жатады. Сондықтан біз балаға зиянын тигізуі мүмкін 8 ойыншық туралы сараладық.

Құрамында пропеллері
бар ойыншықтар
Құрамында пропеллері бар тікұшақтар, сондай-ақ, басқа да ойыншықтар жасөспірімдер арасында кең қолданыста. Кішкентай балалар мұндай заттарды қалай қолдану керектігін жақсы білмейді, сондықтан жұмыс істеп тұрған пропеллердің арасына саусағын сұғып, жарақаттап алуы мүмкін.
Дәрігер кеңесі: пропеллері икемді әрі жұмсақ пластиктен жасалған ойыншықтарды таңдаңыз.

Дәрігер ойынын ойнауға
арналған жиынтық
Бала жиынтықтың ішіндегі барлық заттарды не өзіне, не басқа балаларға пайдаланып көргісі келеді. «Сауықтыру» процедураларын жүргізу барысында ұсақ заттар мұрынға немесе тыныс алу жолдарында тұрып қалуы мүмкін. Ол аз десеңіз, ойынның бұл түрі балалардың шынайы шприцке, қайшы мен дәріге деген құмарлығын оятады.
Дәрігер кеңесі: құрамында ұсақ заттары, түрлі шприцтер, мұрын мен ауызды тексеруге арналған құралдары жоқ жиынтықты алғаныңыз абзал.

Үрлемелі дөңгелек
немесе жеңқап
Үрлемелі дөңкелек пен жеңқап баланың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Себебі ол қолдан оңай шығып кетуі немесе аударылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай типті кейбір заттардың құрамында изофорон, фенол мен циклогексанон бар. Бұл токсинді заттар терінің тітіркенуі сияқты проблемаларды туғызуы мүмкін.
Дәрігерлік кеңес: Дөңгелек пен жеңқаптың өлшемі баланың салмағы мен бойына сәйкес келуі тиіс. Бұл заттарды қолдану кезінде баланың жанында ата-анасы болуы шарт және жарты сағаттан артық пайдаланбаған абзал.

Батареялы ойыншықтар
Дөңкелек және жалпақ батареялар тәтті кәмпиттерге ұқсас келеді. Сондықтан бала оның дәмін татып көруі мүмкін. Ал мұндай батареялар баланың тамағынан оңай өтіп кетеді. Салдарынан бала уланып, тіпті денесін күйік шалуы мүмкін.
Дәрігер кеңесі: батареялар немесе басқа да аккумуляторлар пластикалық панельмен жабылған болуы тиіс.

Ойыншық қарулар
Ойыншық қаруды қолданған кезде балалар атуға болатын қашықтықты, сол сияқты қауіпсіздіктің өзге де нормаларын сақтай бермейді. Ақырында бала өзінің не өзгенің бетін, әсіресе көзін зақымдап алып жатады.
Дәрігер кеңесі: жиынтығында қорғаныш көзілдірігі бар ойыншық қаруды таңдаңыз. Болмаған жағдайда, көзілдірікті бөлек сатып алыңыз.

Магнитті конструктор
Магнитті шариктерден құралған танымал конструктордың сыртында көбінесе «+3» деген белгі тұрады, алайда шын мәнінде ойыншықтың бұл түрі 14 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Әдетте балалар конструкторды тісімен шешпекші болып бірнеше шарға дейін жұтып қояды. Ал ішке түскен бұл зат ішекті зақымдайды.
Дәрігер кеңесі: магниттері мықты пластиктің ішінде орналасқан конструкторлардың зияны аздау болады.

Әуе шарлары
Шарды үрлеу немесе онымен ойнау барысында ол жарылып, баланы шошытуы, тіпті есту қабілетін төмендетуі мүмкін. Қорыққан кезде бала жарылған шардың қалдықтарын жұтып, уланып қалуы мүмкін. Сондықтан әуе шарларын кемі 8 жастан асқан балаларға берген жөн.
Дәрігер кеңесі: о бастан мыжылған немесе өткір иісі бар шар сатып алмаңыз. Егер сапасы төмен шарды қолыңызбен мыжатын болсаңыз, одан қағаздың дыбысы шығады, сондай-ақ, алғашқы қалыпқа келуі ұзақ уақытты талап етеді.

Спиннер
Айналу кезінде спиннердің бөліктері ажырап, зақым келтіруі мүмкін. Бұл ойыншық бөліктерін талай бала жұтып та қойған. Ол аз десеңіз, бұл ойыншық баланың зер салу қабілетіне кері әсерін тигізеді. Дәл осы себепті көптеген американдық мектептерде спиннерді қолдану заң жүзінде тыйым салынған.
Дәрігер кеңесі: Спиннердің орнына саусаққа арналған тренажер қолдансаңыз болады.

ТҮЙІН. Заманына қарай ойыншықтың түрлері көп. Психологтар баланың тұлға болып қалыптасуына ойнаған ойыншығы әсер беретінін айта келіп, зұлымдық пен қатыгездікке тәрбиелейтін ойыншықтар мен мультисериялардан аулақ болуға шақырады. Осыған сәйкес, қара саудада кездесетін бағасы арзан, келбеті сұсты қуыршақтар бала психологиясын бұзады. Бір сөзбен айтқанда, баланың әрбір ойыншығына аса талғампаздық керек екенін естен шығармайық.
13 ақпан 2018 ж. 1 731 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 12:53
Problemas Con Propecia Cialis Zaragoza cialis Usa No Subscription Pharmacy Clomid Ordonnance En Ligne

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 07:48
Viraga 25mg How Do I Ask My Doctor For Cialis Where To Buy Methotrexate priligy 60 mg tablets Tiempo Libre De Propecia Dapoxetina Ricetta Cialis Professional Pay By Paypal