№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ОҚШАУ ОЙДЫҢ" ОРНЫ БӨЛЕК

"ОҚШАУ ОЙДЫҢ" ОРНЫ БӨЛЕК

«Жаңақорған тынысы» газетіне жазылу жүріп жатқанын көріп, төл басылымның қаншалықты құнды, әр нөмірінің өзіндік ерекшелігі бар екенін айтқым келді. Әсіресе, газетте жиі жарық көретін «Оқшау ой» айдары біздің отбасының бір бөлігіне айналған еді. себебі, күнделікті кешкі аста балалардың сабақтан, үлкендердің жұмыстан келіп бас қосып отырып, қызығып оқитынымыз да талқылайтынымыз да осы – «Оқшау ой» болатын.
Күнделікті қоғамнан ой тастап, ойландырған әрбір сауалымызға жауапты «Оқшау ойдан» табамыз. Қазіргі кезде жақсы сөзімен насихатын айтып отыратын үлкен кісілеріміз азайып барады. Десе де, тәрбие құралы ретінде газеттегі осы айдар балаларды шығармашылыққа, газет оқуға, ұқыптылыққа, қазақи тәрбиеге баулығанын байқадым. Үйге алып келген газеттерін ұқыптап, бір жерге қойып, бүгін «Оқшау ойда» не жазылыпты, қайсы тілшінің кезекті нөмірі екен? – деп, ашып жатқанын көріп қуанамын. Оқып талқылап болған соң, балаларымқалам алып өзінше жауап жазып отырады.
Ауданымыздың төл газеті – танымдық, көркемдік, бет-бейнең толысып, қазақи тәрбиелі басылымдарың көбейіп оқырмандарыңды рухани байыта беруіңе тілектеспіз!
Айгүл МАХУЛБАЕВА,
Сунақата ауылы,
                                            №10 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі.
01 қазан 2018 ж. 986 0